Читайте также: |
|
2005 жылы 22 наурыз күні, Наурыз мейрамында Астана қаласының орталық мешітін ашу рәсімі өтті. Мешітке «Нұр-Астана» деген ат берілді. Ислам мәдени орталығының ашылу рәсіміне ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысып, мешітке сый ретінде Сауд Арабиясы королінің баспаханасынан шыққан, Қағба мен Құранның сәні - Құран жазуы бар «жапқыш» ұсынды. Кешеннің құрылысы 2002 жылы Катар мемлекетінің қаржылай қолдауымен басталған болатын. Мешітті салуға грант қаржысынан6 млн.840 мың АҚШ доллары жұмсалды. Жалпы мешіт құран оқу ғимаратынан (әйелдер және ерлер залы),4 мұнарадан, екі су атқышы бар ашық ауладан және имам үйінен тұрады. Мешіт ливан сәулетшісі Чарльз Хазифтің жобасымен салынды. Бас күмбездің биіктігі – 45 м. Ғимараттың жалпы көлемі - 3930 шаршы метр.
ДӨҢГЕЛЕК АЛАҢ
Дөңгелек алаң – Қабанбай батыр даңғылы мен жабық жаяу эспланаданың ендік осьінде орналасқан. Дөңгелек алаңдағы жаяу адамдар қозғалысы көлік қозғалысынан бөлек. Терраса түріндегі жаяу адамдар қозғалысы төменгі деңгейде жүзеге асады. Көлік қозғалысы эстакадамен жүргізіледі. Эстакада ұзындығы 352 метр, ал ені 24 метрді құрайды. Террасаның жоғарғы қабатында периметр түрінде қызмет ету объектілері орналасқан, ал төменгі қабаты жақсы көгалдандырылған және шамдармен, төменгі белгіге дейін түсетін күрілдеуіктермен қоршалған. Дөңгелек алаңның батысында “ҚазТрансОйл”, “ҚазМұнайГаз” компаниялары мен Еуразия банкінің 7 және 20 қабатты ғимараттары салынған. Екі 20 қабатты терраса ғимараттарының 10-13 қабаттары галереямен қосылған.
Алаңның солтүстік-шығысында 34 қабатты, әсем үлгідегі Көлік және коммуникация министрлігі ғимараты салынған. Ғимарат алтын тәріздес шынымен өңделгендіктен, қаланың әр шетінен айқын көрінеді. Жалпы биіктігі 155 метрге жетеді. Сулы-жасыл бульвар (жаяу эспланада) үш ауданды біріктіреді. Жаяу эспланада батыстан шығысқа қарай 2,5 км қашықтықты алып жатыр, ал оның ені 100 метрге дейін жетеді, жалпы 15 га алаңды алып жатыр.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 232 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ | | | АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ |