Читайте также: |
|
Маңғыстаудағы енді бір жер асты мешіті Бекет әулие (1750-1813) есімімен байланысты. Соның бірі Бейнеуде диаметрі 4,5 метр төбені үңгіп, киіз үй түрінде жасаған ескерткіш. Үйдің батыс жағында михраб, солтүстік бетінде шағын дәліз үшінші бөлмеге апарады. Шығыс жағында тағы бір бөлмесі бар. Осы соңғы бөлмеде бірнеше адам жерленген. Ескерткіш қабырғаларында ою-өрнектер салынбаған. Бекет-Атаның Бейнеудегі мешітіне 1825 жылы Э.А.Эверсман, А.О.Дюгемель сияқты ғалымдар келіп, ескерткіштің суретін салып қалдырған. Бекет-Атаның бұдан басқа Жем өзенінің бойында, Арал теңізінің жағасында, Оңтүстік Үстірттегі Оғыланды тауының үлкен төбесінен қашалып жасалған жер асты мешіті бар. Ескерткіш – кіре беріс дәлізден, дұға оқитын залдан, тұрғын бөлмеден, қабірханадан тұрады. Ортаңғы бөлменің төбесінде жарық түсу үшін жасалған саңлау бар. Бекет-Ата мен оның бірнеше ұрпақтары осындағы қабірханада жерленген. Бекеттің соңғы мекені саналатын Оғыланды тауындағы мешіті 1777-1780 жылы тұрғызылған. Мешіт бұл күндері елдің көп баратын, зират етіп, түнейтін бірден-бір киелі орны болып табылады.
Халық арасында: «Мединеде Мұхаммед, Түркістан да Қожа Ахмет, Маңғыстау да Пір бекет» - деген қастерлі сөз бар. Мырзағұлұлы Бекет- (Бекет ата) (1750—1813) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Маңғыстауда туып-өскен. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған. Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген. Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 706 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ШОПАН – АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ | | | ОМАР - ТҰР КЕСЕНЕСІ |