Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шопан – ата жерасты мешіті

АРАҒАНДЫ МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ | НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ | БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ | АРАҒАНДЫ ЦИРКІ | ОРЫС - ҚЫРҒЫЗ МЕКТЕБІ | ЖӘҢГІР - ХАН КЕСЕНЕСІ | САЛЫҚ БАБАЖАНОВТЫҢ КЕСЕНЕСІ | СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ | ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» ҒИМАРАТЫ | РМАНҒАЗЫ КЕСЕНЕСІ |


Читайте также:
  1. БЕКЕТ - АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ
  2. МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІ
  3. НҰР-АСТАНА» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ
  4. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІР МҰНАРАЛЫ МҰСЫЛМАН МЕШІТІ
  5. ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ
  6. ШАҚПАҚ АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ

Шопан-Ата – Маңғыстау мен Хорезм арасындағы керуен жолының бойына орналасқан ескілікті сәулет өнерінің ескерткіші. Оның доғадай иіліп келген тау жынысының солтүстік-батыс жағынан тұрғызылған мешіттері бар. Бұл X-XIII ғасырдағы озық үлгідегі ғимараттар тобына жатады. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағында тағы бір шағын бөлме орналасқан, оның едені биік болып келеді. Сол жақ қабырға астынан қабірхана көмілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша оған Шопан-Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сыйымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар, кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған мерзіміне меңзейді. Шопан ата – қой түлігі мен шопанның пірі. Зерттеушілердің пікірінше шамамен 13 – 14 ғасырларда өмір сүрген және Қожа Ахмет Яссауи тариқаты басшыларының бірі болған. Жалпы ислам дүниесінде әрбір кәсіптің киелілігін, абыройлығын әйгілеп, ол кәсіптердің бастауында тұрған рухани ұстаз, қасиетті пірге құрмет көрсету дәстүрі бар. Сондай-ақ дәстүрлі қазақ мұсылмандығында да қазақтың ата кәсібі малшылыққа байланысты пір тұтылатын қасиетті есімдер бар. Солардың бірі Шопан ата Ол Иасауи тариқаты дәстүрінің ұстазы ретінде тарихи тұлға болса да халық жадында шопандық кәсіптің пірі ретінде аңыздық тұлға болып сақталды. Халық арасында Шопан ата туралы аңыз әңгімелер көптеп таралып, қой түлігінің қасиеттерін дәріптеген және сол кәсіптің иесі пірден қолдау, желеп-жебеу тілеп, мұсылмандық дәстүрмен рухани жалғастыққа ұмтылған

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 359 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ, ИТБАЛЫҚ АРАЛЫ| БЕКЕТ - АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)