Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІ

СЫПАТАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ | БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ | ШҮЛБІ СЭС-і | ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫ | ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ | Ф.М. ДОСТОЕВСКИЙДІҢ СЕМЕЙДЕГІ ӘДЕБИ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ | ЛІМНЕН КҮШТІ» МОНУМЕНТІ | ДЕБИ - МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ | АЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЕСКЕРТКІШІ | СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІР МҰНАРАЛЫ МҰСЫЛМАН МЕШІТІ |


Читайте также:
  1. БЕКЕТ - АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ
  2. НҰР-АСТАНА» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ
  3. СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІР МҰНАРАЛЫ МҰСЫЛМАН МЕШІТІ
  4. ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ
  5. ШАҚПАҚ АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ
  6. ШОПАН – АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ

«Мәшһүр Жүсіп» Павлодар қаласының орталық мешіті 2001 жылы толық салынып бітіп, пайдалануға берілді. Мешіт ғимараты орналасқан алаң 6,2 гектар жерді қамтиды. Ол – қала орталығындағы М.Қайырбаев, Кутузов, Пахомов көшелерінің аралығында орын тепкен. Алаңға алуан түрлі тоғай өсіріліп, көз тартарлықтай көгалдандырылған.

Мешіт аумағы – 48х48 метр. Сегіз қырлы 4 мұнара бар және әрқайсысының биіктігі – 63 метрден тұрады. Мешіт күмбезінің биіктігі (айды қоса алғанда) – 54 метрді құрайды. Айдың ұзындығы – 1,20 метр. Мешіттің жалпы ауданы – 7170 шаршы метрді алып жатыр. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатында Құран оқу курсы шәкірттеріне арналған дәріс және демалыс бөлмелері, сүндетке отырғызу бөлмесі, 400 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері орналасқан. Сонымен қатар, 500 орындық әйелдер бөлімі, оның ішінде дәрісхана, кітапхана, киім ілетін бөлмелер, вестибюльдер бар. 4 күмбезге сай 4 қанаттағы сәнді баспалдақтар екінші қабатқа, одан кейін Орталық есікке баруға ыңғайлы.

Мешіттің екінші қабатында ер адамдар намаз оқитын 2000 орындық бөлме, балкон, Ислам дінінің және мешіт тарихының мұражайы, рухани қорға бай кітапхана, бейне зал, имамның қабылдау бөлмесі, наиб имамның бөлмесі, мәжіліс бөлме, есеп-қисап бөлме, неке қию және сәбиге азан шақырып, есім беру, Құран оқу бөлмелері мен гардероб, үлкен холл орналасқан. Мешіттің үшінші қабатында айнала балкон орналасқан. Одан екінші қабаттың шынылы дәлізін, орталық есікті, 3,5 тонна салмағы мен 434 шамы бар люстраны тамашалауға болады. Бүгінгі уақыт талабына сай бой көтерген мешіттің жан-жақты қызметі облыс жұртшылығы мен республика халқының, қала берді шет мемлекеттерден келушілердің көңілдерінен шығады. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) – ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІ, «Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...»

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 342 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ МҰНАРАЛЫ МЕШІТ| Облыс аумағында 13 аудан, 5 қала, 744 ауылдар бар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)