Читайте также: |
|
Шақпақ ата жер асты мешіті – ежелгі сәулет өнерінің ескерткіші. Түпқараған ауданы Таушық ауылынан 25 км қашықтықта, Каспий теңізінің Сарытас-Қошақ шығанағына жақын Оңғазы (Өңеже) тауының етегінде (Шиліқұдық алқабы) орналасқан. Кезінде мешіт құрылысына А.Г.Медоев (1966-68) және М.Меңдіқұлов (1975) зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мешіттің ішкі бөлмелері орталық зал арқылы шаңбақ (крест тәріздес) үлгісінде орналасып, солтүстік, оңтүстік, шығыс және батысқа қарай бағытталып салынған. Мешіттің шығысындағы кіреберісі үш бұрышты арка іспетті; арканың сыртқы босағасының екі жағын тастан қашалған қабірханалар алып жатыр. Есіктен кіргеннен кейін үлкен зал (4,5х3,22 м), төрт бұрышында қабырғадан қашалған төрт ұстын бар. Ұстындар арасына арка тәрізді маңдайша қашалған. Күмбездің төбесінен диаметрі 1,2 метр, биіктігі 5 метр ойық тесілген. Ойық аузында мешітті жауын-шашыннан, желден қорғайтын биіктігі 3,9 метр құрылғы тұрғызылған. Зал төрінен айналма сатылы есік шығарылған. Ортасы намаз оқылатын бөлменің (биіктігі 3 м-дей) төрт бұрышынан сәнді, ою-өрнекпен безендірілген әрі тіреу міндетін атқаратын жұмыр бағаналар қашалған. Қабырғаның әр жерінде кітап қоятын сөрелер, шырақ орындары мен шымылдық (перде) ілетін қуыстар қашалған. Кіреберіс қаптал мен қабырғаларында араб әрпімен жазылған адам аттары, құран сүрелері, сопылық өлең мәтіндері, адамның қолы (бес саусағы), ат, өгіздің сұлбалары бейнеленген. Мешіттің батыс жағында Шақпақ атаның атымен аталатын қорым (ХІҮ ғ.) бар. Қорымның оңтүстік-батыс жағында ортағасырлық (ХІІІ-ХҮІІ ғ.) түркімен ескерткіштері – қойтастар, сандықтастар, тас қоршаулар сақталған. Солтүстік жағында ХҮІІІ-ХІХ ғасырларға жататын қазақ ескерткіштері – құлпытастар мен тас қоршаулар бар. Мұнда адай тайпасының бірқатар белгілі адамдары жерленген. Шақпақ ата қорымында Бектеміс Ержан хазіреттің кесенесі де (ХХғ.) салынған. Жер асты мешіті 1982 жылы республикалық дәрежеде мемлекеттік қорғауға алынды.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 289 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ | | | ДОССОРДАҒЫ МҰНАЙ - КЕН ОРНЫ |