Читайте также: |
|
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) – қазақтың ұлы күйші-композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Кесененің авторы – Мақсат Нұрқабаев. 1997 жылы қайта өңдеуден өтті. 2005 жылы 14 қазанда Құрманғазы атындағы Халықаралық мәдени орталығының ашылуы болды. Ол Астрахань облысындағы Алтынжар ауылында орналасқан. Бізге жеткен шығармаларының жалпы саны – 75, бірақ деректер бойынша олардың ұзын саны – 200. Оның шығармалары қазақ халқының мәдениетінде ерекше орын алады. Құрманғазы Сағырбайұлының туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары. Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған. «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш», «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» т.б күйлері бар.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 290 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» ҒИМАРАТЫ | | | КАСПИЙ ТЕҢІЗІ, ИТБАЛЫҚ АРАЛЫ |