Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЖӘҢГІР - ХАН КЕСЕНЕСІ

ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ | Ш. БЕРСИЕВ КЕСЕНЕСІ | ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯ | ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | АҚБОТА - СЕНКІБАЙ ТАУЛАРЫ | ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ | АРАҒАНДЫ МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ | НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ | БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ | АРАҒАНДЫ ЦИРКІ |


Читайте также:
  1. АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ
  2. АРАХАН КЕСЕНЕСІ
  3. АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ
  4. БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ
  5. БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ
  6. ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ
  7. ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ

1801 жылы қазіргі Орда ауданының территориясындағы Нарын құмында Бөкей Ордасы құрылғандығы белгілі. 1826 жылы Жәңгір хан Орда қаласының негізін қалады. Қазақстан тарихында Жәңгір ханға ерекше орын беріледі. Бөкей ұлы Жәңгір хан (1801-1845 жж.) Кіші жүздің Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей Ордасының соңғы ханы, Әбілхайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады, кейін орыстардың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай, 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ, ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. Хан тағы мұрагерлік жолмен Жәңгірге бұйырады. Еуропалық білім алып орысша тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйреніп келген жас Жәңгір 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алады. Патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы ханның бірі болады. Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып, балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Осы мектептен білім алған алғашқылардың бірі, белгілі қазақ этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі – Мұхаммед Салық Бабажанов. Ол:“...ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндермек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, онда 60 адам Мұххамед діні, орыс жазуы және тілі жөнінде дәріс алды”,- деп жазады. Жәңгір хан Казан университеті ғылыми қоғамының құрметті мүшесі болып сайланған. Кесенесі 1997 жылы тұрғызылды. Кесене авторы – Көпбол Демесінов.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 247 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ОРЫС - ҚЫРҒЫЗ МЕКТЕБІ| САЛЫҚ БАБАЖАНОВТЫҢ КЕСЕНЕСІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)