Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Обыланды батыр мемориалдыҚ кешені

АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» КЕШЕНІ | СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰРАЖАЙЫ | ВОЗНЕСЕНИЯ ГОСПОДНЯ» ПРАВОСЛАВТЫҚ СОБОР | ТОРҒАЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТ | ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ | Орталығы – Ақтөбе қаласы. | АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ | МҰҒАЛЖАР ТАУЛАРЫ | ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ | Ш. БЕРСИЕВ КЕСЕНЕСІ |


Читайте также:
  1. А оживить ее можно? – вдруг спросил Батыржан, до того молчавший.
  2. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» КЕШЕНІ
  3. АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
  4. АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ
  5. АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  6. ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
  7. Да, – кивнул он. Лицо у Батыржана было смуглое, раскосое, и на нем не читалось никаких чувств. Лицо юного воина из степей.

Қобыланды батыр – атақты тарихи тұлға, жоңғар мен қалмақтарға қарсы соғысқан батыр, шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Қобыланды батыр мемориалдық кешені 2007 жылы 8 қыркүйекте ашылды. Кешеннің жалпы аумағы – 2,6 га. Кесененің жерден жоғарыдағы айшығына дейінгі биіктігі – 18 метр, диаметрі – 12 метр, айналасында меңгір тастар орнатылған. Кіре берісінде балбал тастар орнатылған, биіктігі – 2 метр. Кесененің ішіне, батырдың сүйегі жатқан жерге Қордай гранитінен қойтас қойылған. Қойтастың салмағы – 2 тоннадай, биіктігі – 2 метр. Әдемі гравюрлік өрнектері бар. Кесененің еденіне өрнектелген гранит төселген. Кесене ішіне Қордай гранитінен қашалған шырақ орнатылған. Ортада тас шар жерді бейнелейді, үстінде алтын Самұрық құстың мүсіні бар, айналасында қойылған 8 (сегіз) барыстың жанында шырақ жанады. Композиция Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен алынған. Мавзолейдің ортасында ұштары күміс үш найза, олардың белін қалқанмен бекіткен, бұл туған жерді қорғауға дайын үш жүздің бірлігін білдіреді. Ұзындығы – 4 метр. Композицияны жасаған алматылық ағайынды темірші-ұсталар Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Құлмантегілер. «Қобыланды батыр» комплексінің авторы – белгілі архитектор Бек Ибраев. Музей қорында барлығы 257 экспонат бар. Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан «Ақжол» атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан: «Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным? Сексен асып таянғанда тоқсанға. Тұра алмастай үзілді ме жұлыным» деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 316 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯ| АҚБОТА - СЕНКІБАЙ ТАУЛАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)