Читайте также: |
|
Қостанай облысындағы Жанкелді ауданына қарасты Торғай ауылындағы мешіт, жергілікті халықтардың қаржысына салынған. Мешіттің жанындағы медреседе қазақ қыздары діни білім алады. Мешіт 1992 жылы 20 тамызда ашылды. Оның ашылу салтанатына Рәтбек қажы, Халифа Алтай, жазушылар Ә. Кекілбаев, Т. Әбдіков, Ә. Сығаев және т.б. қатысты. 1992 жылы 21 қыркүйекте мешітке Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев барған. Кейіннен мешітке Торғай өңірінде өткен Оспан қожа әулиенің есімі берілген. Мешітте Оспан қожа әулиенің ұрпағы Ғазез қажы ұзақ жылдар имамдық еткен. Жалпы Торғай өңіріне ислам дінінің кең таралуына Шақшақ Жәнібек батырдың еңбегі орасан. Ол кісі Бұхар, Тәшкен сияқты жақтардан молдаларды-қожаларды алдырып балалардың діни білім алуына жол ашқан. Бұл өңірден атақты Оспан қожа, Сатыбалды Ишан, Файзолла құран-қари, Нұркей қажы сияқты дін қайраткерлері шыққан. Жангелдин ауданы – тарихы үлкен өлке. Ә. Жангелдиннің революция қызметі, Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы патша үкіметіне қарсы азаттық көтеріліс Торғай даласымен байланысты. Ыбырай Алтынсарин қазақ еліндегі тұңғыш қазақ-орыс мектебін осы ауданда ашты. Сонымен қоса, Алаш ардақтылары: Ахаң мен Жақаң, Назипа Құлжанова, ақындар: Нұрхан Ахметбеков пен Сәт Есенбаев, Сырбай Мәуленов пен Ғафу қайырбеков, Назарбек бектемісов пен Кеңшілік Мырзабеков, жазушылар: Қоғабай Сәрсекеев, Қойшығара Салғара, Төлен Әбдіков, Халық ақыны Қоныспай Әбілов пен айтыскер Айбек қалиев осы аймақтың тумалары. Қысқасы Торғай өлкесі «Жеріне ағаш емес, Адам өскен жер».
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 438 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ВОЗНЕСЕНИЯ ГОСПОДНЯ» ПРАВОСЛАВТЫҚ СОБОР | | | ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ |