Читайте также: |
|
Солүстік Қазақстан облысы 1963 жылы құрылған. Солтүстігінде, солтүстік-батысында және солтүстік-шығысында – Ресеймен, батысында – Қостанай, оңтүстігінде – Ақмола облыстарымен шектеседі. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл жазығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Оңтүстік жағы Сарыарқаға ұласады. Облыс жері көлге бай, сәл белесті, жонды келеді. Қойнауынан құрылыс материалдары, жер асты суының қорлары анықталды. Климаты континенттік, қысы – суық, қарлы, аязды. Ең ірі көлдер: Сілетітеңіз, Үлкенқараой, Шағалалы теңіз. Облыстың солтүстік жағында ормандық сұр, қара топырақ, оңтүстігінде құнарлығы орташа кәдімгі қара топырақ тараған. Жалпы облыс кәсіпорындары автоматизация аспаптарын, радио және магнитофон аппаратурасын, түрлі двигателдер, автотранспорт, егіске тыңайтқыш шашатын тіркемелерін, мал фермаларының жабдықтарын, балалар велосипедтерін, ет консервілерін, сүт, кондитерлік тағамдарын т.б. шығарады. Петропавл (қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.
Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 172 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІ | | | АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ |