Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЕҢлік - кебек кесенесі

БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ | ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ | Облыс орталығы – Тараз қаласы. | АЙША-БИБІ КҮМБЕЗІ | ШОҚАЙ ДАТҚА КҮМБЕЗІ | КӨШЕК БАТЫР МАЗАРЫ | АРАХАН КЕСЕНЕСІ | СЫПАТАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ | БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ | ШҮЛБІ СЭС-і |


Читайте также:
  1. АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ
  2. АРАХАН КЕСЕНЕСІ
  3. АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ
  4. БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ
  5. БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ
  6. ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ

Заманға сәйкес ақ мәрмәрдан кескінделген ескерткіш. XVII ғасырдың II-ші жартысында қазақ жеріндегі ескіліктің құрбаны болған Матай елінің қызы Еңілік пен Тобықты руынан шыққан Кебек атты жастарға қойылған. Ақсақалдар шешімінің билігімен қатаң жазаланған бұл екі жас бүгінгі жас ұрпаққа ерекше қастерлі. Бұл қайғылы оқиға М. Әуезовтың «Еңлік - Кебек» пьесасына арқау болған. 1960 жылы Абай ауданының тұрғындары жеке қаражаттарынан кесене орнатқан. 1976 жылы осы аудан тұрғындарының өтініштерімен бүкіл кесене ақ мрамормен қапталды. «Еңлік - Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған ХVІІІ ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің 31 және 32 сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді. Бұл поэма 652 жолдан тұрады. Мұхтар Әуезовтің жеке кітапханасында сақталған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы Қайым Мұқаметханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылы баспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Жазушы Әуезов осы дастанның арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дастан кейіпкерлері Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған. Құрылысқа жергілікті халық шеберлері өңдеген қызыл, күрең және ақшыл сұр түсті гранит, цемент, құм, алебастр, әк, жоса пайдаланылған. Ескерткіш қойылған тау басындағы ескі зираттың үсті тегістеліп, алаң айналасы жалпақ тақтатастармен көмкеріліп, ал оның үстіне әр жерден орнатылған аласа сынтастар арасына жуан шынжыр арқанды бостау кермелеп қоршау жасалған. Төрткіл алаңның ортасынан 4 қабырғалы күмбез-тұғыр соғылып, оның үстіне орнатқан биікт. 6 метрлік мұнара мен күмбез түйісетін дөдегені керегекөз өрнекпен әшекейлеген. Күмбездің 4 жағында шығыстық мәнермен ойып шығарылған 4 арка бар. Олардың маңдайшасында “Еңлік — Кебек” деген егіз есім әсемдеп жазылған. Ескерткіштен батысқа қарай 8-9 км жерде 1917 ж. 7 маусымда М. Әуезовтің “Еңлік — Кебек пьесасы осы арада алғаш рет киіз үй сахнасында қойылды” деп жазылған тағы бір ескерткіш бар.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 1157 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫ| Ф.М. ДОСТОЕВСКИЙДІҢ СЕМЕЙДЕГІ ӘДЕБИ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)