Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бауыржан момышҰлы ескерткіші

Облыс аумағында 12 аудан, 8 қала, 934 ауыл бар. | ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ | ОТЫРАР ҚАЛАСЫ | БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ | ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ | Облыс орталығы – Тараз қаласы. | АЙША-БИБІ КҮМБЕЗІ | ШОҚАЙ ДАТҚА КҮМБЕЗІ | КӨШЕК БАТЫР МАЗАРЫ | АРАХАН КЕСЕНЕСІ |


Читайте также:
  1. АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ
  2. АЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЕСКЕРТКІШІ
  3. НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ
  4. Н.ТІЛЕНДИЕВ ЕСКЕРТКІШІ
  5. СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ
  6. Т.Г.ШЕВЧЕНКОНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ

Бауыржан Момышұлы ескерткіші 2000 жылдың 12 қазанында батырдың 90 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 55 жылдығына арналып ашылды. Мүсіннің авторлық ұжымы – М. Рүстемов, Д. Әлдеқов, сәулетшілері – С. Дембай, Н. Баекеев. Үлкен тұғырдың үстінде қолына қылыш ұстаған ұлтшыл жауынгер, философ, жазушының мүсіні тұр. Батырға арналған ескерткіштен екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан барлық батырлардың бейнесін көруге болады. Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен жасаған ерліктері бейнеленген картиналар – ТМД елдері мен шетелдердегі ең жақсы деген сурет галереяларының экспозицияларында қойылған. Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Кейін „Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан атаның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған.

Жеті жылдық білім алған Бауыржан Момышұлы алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған. 1932 – 56 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржан Момышұлының жолы - өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұлы Отан Соғысының жан беріп, жан алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке қаны қас, қиындыққа қайыспас қайсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгергені, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналып, қаншама өнер туындыларының басты кейіпкеріне айналды. Бауыржан Момышұлы туралы көптеген көркем шығармалар дүниеге келді. Олар Александр Бектің „Арпалыс”, Әзімхан Нұршайықовтың „Ақиқат пен аңыз”, келіні Зейнеп Ахметованың „Шуақты күндер”, ұлы БауыржанМомышұлының „Жанымның жарық жұлдызы” және тағы басқа шығармалар. Б.Момышұлы танымал жазушы. Оның қарымды қаламынан туған „Ұшқан ұя”, „Артымызда Москва”, „Майдандағы кездесулер”, „Куба әскері”, „Жон арқа”, „Өмір өшкен жоқ” атты түрлі шығармалар әдебиетімізге қосылған ерлік рухқа толы, елеулі де мол мұра болды. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 80 жыл толуына орай (1990 ж. 12 желтоқсан) Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері «Опасызда Отан жоқ, Отанда опасызға орын жоқ».«Тәртіпке бас иген құл болмайды!», «Отаның үшін отқа түс күймейсің.», «Ептілік пен ерлік - Ерге тән қасиет.»,«Тәрбиелі - тәртіптің құлы, Тәртіпті - елдің құлы.» 2010 жылы қыркүйектің 14-і күні Алматыда «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді. 2010 жылы желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында совет-герман соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды. Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан құйылған.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 807 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СЫПАТАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ| ШҮЛБІ СЭС-і

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)