Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сырым датҰлыныҢ ескерткіші

ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯ | ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | АҚБОТА - СЕНКІБАЙ ТАУЛАРЫ | ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ | АРАҒАНДЫ МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ | НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ | БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ | АРАҒАНДЫ ЦИРКІ | ОРЫС - ҚЫРҒЫЗ МЕКТЕБІ | ЖӘҢГІР - ХАН КЕСЕНЕСІ |


Читайте также:
  1. E) Подает зерно в склад готовой продукции. Часть зерна уходит на смешивание с сырым зерном.
  2. АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ
  3. АЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЕСКЕРТКІШІ
  4. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ
  5. НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ
  6. Н.ТІЛЕНДИЕВ ЕСКЕРТКІШІ

2003 жылы 3-ші маусымда Орал қаласының орталық алаңында Сырым Датұлына ескерткіш қойылды. Ол патшалық биліктің қазақ жеріне енуіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы болды. Сырым Датұлы (1712—1802) Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүзқазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі – Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды. XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді. Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі – патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре султан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздіңбайбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 864 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
САЛЫҚ БАБАЖАНОВТЫҢ КЕСЕНЕСІ| ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» ҒИМАРАТЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)