Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айрат рысҚҰлбеков ескерткіші

ШОҚАЙ ДАТҚА КҮМБЕЗІ | КӨШЕК БАТЫР МАЗАРЫ | АРАХАН КЕСЕНЕСІ | СЫПАТАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ | БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ | ШҮЛБІ СЭС-і | ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫ | ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ | Ф.М. ДОСТОЕВСКИЙДІҢ СЕМЕЙДЕГІ ӘДЕБИ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ | ЛІМНЕН КҮШТІ» МОНУМЕНТІ |


Читайте также:
  1. АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ
  2. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ
  3. НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ
  4. Н.ТІЛЕНДИЕВ ЕСКЕРТКІШІ
  5. СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ
  6. Т.Г.ШЕВЧЕНКОНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні қарсаңында 2002 жылы 13 желтоқсанда Семейде Қ. Рысқұлбековке ескерткіш орнатылды. 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасына қатысушы, қайтыс болғаннан кейін «Халық қаһарманы» атағы берілгенҚ. Рысқұлбековтың ескерткіш-бюсті жылтыратылған қара граниттан (габродан) жасалды. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы 1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді. 1984 –1986 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түсті. 1986 жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Бірақ көтеріліс қатыгездікпен жаншылғаннан кейін 1987 жылдың қаңтарында ішкі істер органының қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске қатысты» деген желеумен Рысқұлбековті Мойынқұм ауданының орталығында тұратын нағашысы – М. Асанбаевтың үйінде демалып жатқан жерінен ұстап әкетеді. Кейіннен, көпшілікке мәлім болғанындай, тергеушілер зымиян әрекеттерімен Рысқұлбековке неше түрлі айла-шарғылар қолдана отырып, оны С. Савицкийдің өліміне кінәлі етеді. Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е. Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 248 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДЕБИ - МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ| СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІР МҰНАРАЛЫ МҰСЫЛМАН МЕШІТІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)