Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Семей ҚаласындаҒы бір мҰнаралы мҰсылман мешіті

КӨШЕК БАТЫР МАЗАРЫ | АРАХАН КЕСЕНЕСІ | СЫПАТАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ | БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ | ШҮЛБІ СЭС-і | ТАРБАҒАТАЙ ТАУЫ | ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ | Ф.М. ДОСТОЕВСКИЙДІҢ СЕМЕЙДЕГІ ӘДЕБИ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ | ЛІМНЕН КҮШТІ» МОНУМЕНТІ | ДЕБИ - МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ |


Читайте также:
  1. Audi TT превратят в семейный автомобиль?
  2. B) Семейный кодекс РФ;
  3. C) система нормативных правовых актов регулирования семейных отношений.
  4. CBA. Семейные номера
  5. III. Стереотипы, связанные с организацией работы по семейному устройству детей
  6. III. Типы семей, особенности их влияния на воспитание детей. Модели негативных семейных взаимоотношений
  7. III. Цели, принципы, задачи и приоритетные направления государственной семейной политики

Семейдегі бір мұнаралы мешіттің әсем ғимараты Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Мешіт 1908-1910 жылдары салынған. Құрылысқа белгілі дарынды сәулетші Баязит Сатбаевтың белсенді көмегімен, Осман Империясының сәулетшісі Габдулла Эфенди басшылық етті. Осы орында 1837 жылы Қазан татарларының қаражатына ағаштан мешіт салынғанмен, 1902 жылдың 13 мамырында өртеніп кетеді. Жаңа мешіт енді ағаштан емес тастан салынды. Еш өзгеріске ұшырамай сол қалпында сақталған мешіт осы күнде жасыл түске боялып, ал ғимараттың декоративтік бұйымдары ақ түспен әрленіп жаңа келбетке ие болды. Ертіс маңындағы қалаларды мекен еткен тұрғылықты халықтың бір бөлігін қазан татарлары құрады. Татарлардың үлкен шоғыры Өскемен, Павлодар, Зайсан қалаларында да болды. Бұл ғимараттың сәулеттік-көркемдік бейнесі биік конус тәрізді жабынмен аяқталатын дөңгелек формалы, екі қабатты сымдай тартылған мұнарамен айқындалады. Терезелердің үлкен ойықтары таға тәріздес сынадай қағылған аркалармен жабылған. Алтарьлық бөлігінде үш қырлы кертпеш салынған михрабы бар зал негізгі болып табылады. Михраб мұсылмандардың қасиетті қаласы Меккеге бағдарланған. Залдан мұнараға және жоғарғы алаңдарға апаратын баспалдақтармен көтеріледі. Жебе тәрізді тар терезелері бар мұнаралар жарты айлармен тәмәмдалады. Жерден бастап карнизге дейін мешіттің бүкіл ғимараты рельефті белдеулермен өрнектелген. Көлемі бойынша әр түрлі мешіттің жекелеген бөліктері бір білікке орнатылған секілді: қанатшасы бар порталды бөлме, православиелік діни сәулет өнеріндегі «трапеза» бөлмесі тәрізді аралық бөлме, негізгі бөлік және михраб. Мешіттің қабырғалары қашаутасты жауырындықтармен, иілген ернеулермен молынан безендірілген. Қазіргі кезде бұл бөлшектері ақшыл-жасыл түспен боялған. Негізгі бөлігі күмбезбен аяқталады. Мешіттің негізгі көркіне қосымша сән беріп тұрған, ғимараттың ұзына бойына орналасқан, аралықтары әрлегіш торкөздермен толықтырылған мұнарашалар болып табылады. Ескерткішті жалпы қабылдаудың маңызды нысаны қоршау болып табылады. Қоршау кірпіштен қаланған бағаналардан тұрып, арасындағы кеңістікте шойыннан жасалған шарбақтармен жалғасқан. Қоршаудың іргетасы жауын-шашыннан бүлінуден сақтайтын темірмен жабылған цокольдан тұрады.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 390 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЕСКЕРТКІШІ| СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕКІ МҰНАРАЛЫ МЕШІТ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)