Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

КӨшек батыр мазары

ЖАНҚОЖА БАТЫР КЕСЕНЕСІ | БАЙҚОҢЫР – ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ | ОҚШЫ-АТА КЕСЕНЕСІ | Облыс аумағында 12 аудан, 8 қала, 934 ауыл бар. | ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ | ОТЫРАР ҚАЛАСЫ | БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ | ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ | Облыс орталығы – Тараз қаласы. | АЙША-БИБІ КҮМБЕЗІ |


Читайте также:
  1. А оживить ее можно? – вдруг спросил Батыржан, до того молчавший.
  2. АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ
  3. АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  4. Да, – кивнул он. Лицо у Батыржана было смуглое, раскосое, и на нем не читалось никаких чувств. Лицо юного воина из степей.
  5. ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ
  6. ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ МАЗАРЫ
  7. ЖАНҚОЖА БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Отанымыздың тарихында Қарасай батырдың төртінші ұлы Көшек батырдың орны ерекше. Көшек батыр «Киелі ошақтың қорғаушысы» болған. Қанша соғыс пен аштық болса да, қандай қиыншылық болса да халықты бірінші маңдайшы қорғаған. Көшек батыр өзінің (1723-1758 жж.) қазақ-жоңғар соғысындағы жеңістерімен белгілі. Жас кезінде қайтыс болып кеткен Көшек батырдың мәйіті 350 жылдан бері Жамбыл облысындағы Талас өзеніне жақын жерде жатыр. Көшек батырға кесене ХХ ғ. тұрғызылған. Көшек батыр туралы ешқандай жазба деректер болмағанымен, оның есімі Шапырашты елінің жауынгерлік ұранына айналған әкесі Қарасай жайлы атақты ақын бабаларымыз Сүйінбайдың, Жамбылдың жырлары, халқымызды ХVІ ғасырда билеудің ескі жолын салып кеткен еңсегей бойлы Ер Есім ханның өзі ерлігі, жомарттығы үшін Қарасай батырға сыйлаған ақ ордасының әлі күнге дейін сақталып, мұражайда тұрған есік босағасы өмір сүрген, қаза тапқан уақытын, қатысқан соғыс­тарын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Есім хан 1628 жылы қыркүйек немесе қазан айында өз ажалынан өлгені, ал оның ұлы Салқам Жәңгір ханды 1652 жылы қыста жоңғар билеушісі Цэцэннің қазақ еліне шабуылы кезінде 17 жасар Галдан Бошокты (1670-1697 жылдары хонтайшы болған) қазақтар ханы Янгирді, яғни Салқам Жәңгірді өлтіргені ойраттардың ХVІ ғасырдағы ғалымы Зия Пандиттің деректерінде айтылған. Ал, Көшек батыр осы Салқам Жәңгірдің немесе оның ұлы Тәуке ханның таққа отырар алдындағы замандасы болғандықтан, көптен аңдыған қалмақ мергенінің тасадан атқан оғынан 31 жасында қапияда мерт болды деген аңыз сол кездегі жоңғар-қазақ жаугершілігінің екі нақты жағдайының біріне сәйкес келеді. Неге? Өйткені, билеген ханы қаза тауып, сағы сынған, бейберекет елде ғана Қарасайдай атақты қаһарманнан немесе оның ерлігіне мұрагер Көшек батырдан кек алуды мақсат тұтқан қалмақ мергені аңдып жүріп атып өлтіруі мүмкін. 1723-1758 жылдары қазақ-жоңғар қырғын соғысына дейін ойраттардың қалың қолы оңтүстіктегі қазақ жеріне 1652 жылы қыста және 1683-1684 жылдары ғана шабуылдағанда Шу, Талас өзендерінен өтіп, кейінгі жылы, яғни 1684 жылы Сайрамды басып алды, көптеген адамдарды тұтқынға алып кетті. Көшек батырдың Сайрам қаласын қалмақтар қиратқан жорығы кезінде Талас өзені жағасында жасырынған жау қолынан қаза табуы әбден мүмкін, мұның өзі “жау жоқ деме, жар астында” деген халық сөзіне сай келеді. Көшек батырдың ХVІІ ғасырда қазақ-ойрат арасында болған майда жорықтар кезінде емес, жоғарыда айтылған ең ірі екі басқыншылықтың бірінде қаза табуы туралы аңыз тарихи ақиқатқа негізделген деуге болады. Қалмақтардың Көшек батырды бетпе-бет, жекпе-жек соғыста емес, көп уақыт аңдып жүріп өлтіруі оның өз дұшпандарына көп залал келтіргенін, хас батырлығын айқын танытады. Салқам Жәңгір хан заманында бір соғыста Қарасай батыр жараланып, оның орнына кіші ұлы Көшек жекпе-жекте жоңғар хонтайшысының сүйікті бас батырын найзамен ат сауырынан жерге құлатып өлтіреді. Бұған қорланған хонтайшы жекпе-жекте ешкімнің әлі келмейтін Көшек батырды атып өлтірген ойрат мергеніне көп сый беруге уәде етеді. Ақыры Көшекті аңдыған жоңғарлардың бір мергені тасада тығылып тұрып атып өлтіреді. Сондықтан да қапыда кеткен қолбасшы батырдың қазасы туған елі үшін ауыр тиді, одан бері сан ғасыр өтседе, батыр бабаның ерлігі ел жадында сақталып келеді.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 528 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ШОҚАЙ ДАТҚА КҮМБЕЗІ| АРАХАН КЕСЕНЕСІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)