|
Байқоңыр-ғарыш айлағы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орналасқан. Іргесі – 1955 жылы қаланған. Алғашқы ғарышкер-Гагарин қазақ жерінен ұшқан. Ол жер Сырдария жағасындағы «Төретам» атты станция. Ол дүниежүзілік рекордтар жасаған күні авиация және космонавтика халықаралық ұйымдары «Гагарин қай жерден ұшты, рекордтарын ресми тіркеу үшін нақты қай жер екенін айтыңыздар»дегенде осы күнге дейін құпия болып келген Төретам станциясын білдіртпеу үшін сол жерден тура солтүстікке орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақпай қасындағы Байқоңыр деген елді-мекеннің атын бере қойған. Кейіннен осы Төретамға «Байқоңыр» деп ат береді.1957 жылдың тамызында Байқоңырда әлемдегі алғашқы континентаралық көп сатылы баллистикалық зымыран шығарылды. Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш ғарыш зымыраны сәтті ұшырылды. Байқоңырдан 1961 жылы 12 сәуірде, адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин “Восток” ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. 1987 жылдың 15-шімамыр айында алғашқы жаңа әмбебап «Энергия» зымыран тасығышы шығарылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров “Союз Т-13” ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. 1994 жылдан бастап Т.А.Мұсабаев ғарышта бірнеше рет болды. Байқоңыр, ғарыш алаңы – 1991 жылы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Ғарыш алаңын салу үшін «Байқоңыр» таңдап алынды. Себебі, бұл жер – елді-мекендерден қашық, экватор жазықтығына жақын, ракета ұшыруға қауіпсіз, қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан. Олар бір-бірімен автомобиль және тас жолдары арқылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілері: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері, ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б. Көмекші және қызмет көрсету объектілері: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін зауыттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған Жердің Жасанды Спутниктері ұшырылды.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 911 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ЖАНҚОЖА БАТЫР КЕСЕНЕСІ | | | ОҚШЫ-АТА КЕСЕНЕСІ |