Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ

НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ | САЯСИ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТ | Р ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ | АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ | ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ | РАЙЫМБЕК БАТЫР КЕСЕНЕСІ | Кімшілік орталығы – Көкшетау қаласы. | БУРАБАЙ | Кімшілік орталығы – Талдықорған қаласы. | ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ МАЗАРЫ |


Читайте также:
  1. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ» КЕШЕНІ
  2. АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
  3. АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  4. ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
  5. ДЕБИ - МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫ
  6. ОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  7. ОРҚЫТ-АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ

Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Уәлиханов Шыңғысұлы (1835 – 1865) – қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы Көкшетау өңіріндегі Сырымбет тауының баурайында өткен. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген. Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі «Қашқарияға сапары», 1957 жылы орыс география ұйымына мүше болады. 1865 жылы Алматы облысының «Алтынемел» деген жерінде қайтыс болады. Мемориалдық кешен 1985 жылы Алтынемел баурайында (Алматы обл. Кербұлақ ауд.) ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылды. Архитекторлары – Б.А.Ибраев, С.И.Рүстембеков, Р.А.Сейдалин; инженерлер – А.П.Котов, А.И.Гусев. Мемориалды кешен ғалымның бейітіне қойылған белгіден, ескерткіштен, мұражайдан, қонақ үйден және хауызды алаңнан тұрады. Ансамбльдің басты ғимараты болып Ш.Ш. Уәлихановтың ғылыми творчестволық мұрасын бейнелейтін мұражай үйі алынған. Мұражай үйінің сыртқы пішіні қазақ халқының мемориалды архитектурасының дәстүрінен туындаса, ішкі кеңістігі киіз үйді, жолаушының шатырын елестетеді. Интерьердің негізінен үш түсті еденінің қара, қабырғаларының қызыл, төбесінің шымқай ақ болуы дәстүрлі көркем мәдениеттегі үш әлемді символды түрде бейнелейді. Үйдің едені бұрандалы түрде бірте-бірте биіктеп, екінші қабатқа көтерілуге жағдай жасайды. Орталық зал бұрыштарынан бастап ортасына қарай еңіс диагоналды арқалықтарымен жабылған. 30 орынды кинозал мен келушілерге қызмет көрсететін жайлар бөлек орналасқан. Қонақ үйдің әсем интерьері музейдің композициялық құрылымын сақтай отырып жалпы ансамбльдің ішкі, сыртқы тұтастығымен үйлесімін табады. Ш. Уәлиханов мемориалды кешенінің жобасы 1987 жылы Софияда өткен «Интерарх» халықаралық конкурсында екінші орын алып, күміс медальға ие болды.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 312 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Н.ТІЛЕНДИЕВ ЕСКЕРТКІШІ| АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)