Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік орталығы – Көкшетау қаласы.

KOREAN HOUSE» МЕЙРАМХАНАСЫ | ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ | ЖАҢА ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ | АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ | ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ | НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ | САЯСИ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТ | Р ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ | АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ | ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ |


Читайте также:
  1. Кімшілік орталығы – Талдықорған қаласы.
  2. Оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ішкі тәртіп
  3. Облыс орталығы – Тараз қаласы.
  4. Орталығы – Ақтөбе қаласы.
  5. Орталығының (клубының) бастығы
  6. СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ

Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі.

14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінеді. 8 қала, 12 кент, 183 ауылдық әкімшілік округі бар.Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысында, дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі – абсолюттік биіктігі 300-400 метрден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөлектерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Облыстың оңтүстік-шығысында орманды, көркем – Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты қырқалар (100-500 м.) тізбегінен тұрады.

Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі. Ірі өзендері: Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы болып келеді. Ірі тұщы көлдері: Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері: Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Вечеслав, Сілеті бөгені бар. Жер суаруға арналып 37 бөген салынған. Олардың жалпы су көлемі – 180,6 млн текше метр. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70-74 млн текше метр Ертіс суы беріледі. Өсімдіктің 73 тұқымдасы мен 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен, қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жусан, т.б.; өзен жайылмалары мен көл жағалауында – астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын; ұсақ шоқыларда – шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің – 55, құстың – 80, бауырымен жорғалаушылардың – 8, қосмекенділердің – 3, балықтың – 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда – бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақ кіс, ақ қоян, тиін, европа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, ала қарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан – қоқиқаз, қаз, үйрек т.б.; бауырымен жорғалаушылардан – сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұржылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лаха, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 172 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
РАЙЫМБЕК БАТЫР КЕСЕНЕСІ| БУРАБАЙ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)