Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бурабай

ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ | ЖАҢА ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ | АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ | ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ | НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ | САЯСИ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТ | Р ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ | АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ | ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ | РАЙЫМБЕК БАТЫР КЕСЕНЕСІ |


Ақмола облысындағы Көкше тауының бөктерінде теңіз деңгейінен 320,9 метр биіктікте орналасқан көл. Ұзындығы – 4,5 шақырым, ені – 3,9 шақырым, тереңдігі – 4,5 метр. Бурабайдың әсемдігі туралы С. Сейфуллин «Көкшетау» поэмасында жырлағаны бәрімізге аян. Ендеше, көлдің сұлулығына осы жырды оқығанымызда анық көз жеткізетініміз сөзсіз. Көлдің түбі дөңгеленіп біткен. Түбі солтүстік-батысқа еңістеу келеді. Оның суы жұмсақ, мөп-мөлдір, тіпті мөлдірлігі сондай ең терең дейтін тұстарында да түбі айқын көрініп жатады. Көлдің солтүстік батыс бөлігінде су бетінен 20 м шығып жатқан шағын ғана «Жұмбақтас» аралы бар. Жартастар мен мүйістер көлге керемет көрініс туғызады, ал жағалауы болса қарағай мен қайыңға толы. Осының бәрі көл табиғатының әсемдігін аша түседі. Көлдің шығысында «Бурабай», «Оқжетпес», «Жеке батыр» және тағы басқа қурортты кешендер салынған.

 

Ш.УӘЛИХАНОВ ЕСКЕРТКІШІ

Ш. Уәлиханов ескерткіші 1971 жылдың 20 тамызында қойылды. Ол – Ленинград қаласында қоладан жасалған. Сәулетші – К. Абдалиев, мүсінші – Т.Досмағанбетов. Мүсіннің биіктігі – 5 метр, жалпы биіктігі – 9,18 метр.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 223 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кімшілік орталығы – Көкшетау қаласы.| Кімшілік орталығы – Талдықорған қаласы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)