Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Райымбек батыр кесенесі

МЕГА» САУДА, ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ | KOREAN HOUSE» МЕЙРАМХАНАСЫ | ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ | ЖАҢА ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ | АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ | ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ | НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ | САЯСИ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТ | Р ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ | АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ |


Читайте также:
  1. А оживить ее можно? – вдруг спросил Батыржан, до того молчавший.
  2. АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ
  3. АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ
  4. АРАСАЙ МЕН АҒЫНТАЙ БАТЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ
  5. АРАХАН КЕСЕНЕСІ
  6. АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ
  7. БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ

Райымбек Түкеұлы (1705-1785) – жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр әрі әулие, қолбасшы. Соғыста 77 рет жарақат алған батыр. Батыр қазіргі Алматы облысында туған. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, «батыр» атанған. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түскен. 1733 жылы Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанын да білуге болады. Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында «Райымбек бастауы» бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қаласындағы оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында орналасқан. Ел ауызындағы аңыз әңгіме бойынша Райымбек батыр дүниеден озар алдында ұрпақтарына «денемді ақ түйеге артып басын бос жіберіңдер. Ол қай жерге барып шөксе сол жерге жерлеңдер» деген өсиет айтса керек. Сол ақ түйе шөккен жердегі батыр есімімен аталатын зираттың басына зәулім кесене тұрғызылып, ақ түйенің мүсіні орнатылған. Қасиетті орын саналатын осы кесене тұрғызылған жерге адамдар келіп тәу етіп тұрады. 1981 жылы жерленген жерінде граниттан жасалған ескерткіш орнатылып, 1994 жылы ресми түрде кесененің ашылуы болды.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 1444 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ| Кімшілік орталығы – Көкшетау қаласы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)