Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Назарбаев орталыҒы

СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ | НҰР-АСТАНА» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ | АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ | АСТАНА ЖҰЛДЫЗЫ» МОНУМЕНТІ | ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ | МЕГА» САУДА, ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ | KOREAN HOUSE» МЕЙРАМХАНАСЫ | ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ | ЖАҢА ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ | АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ |


Читайте также:
  1. МЕГА» САУДА, ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
  2. Н.Ә. Назарбаев

Астана қаласы сәулетінің әсем ғимараттарының бірі – Назарбаев орталығы (2012 жылға дейін-Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы). Биіктен қарағанда, бұл ғимарат әлемнің төрт бұрышына шуағын шашып тұрған күн тәрізді. Бұл күн іспетті ғимарат 5 қабатты, төбесінде дәстүрлі түрік сәулетінің белгісі - көгілдір күмбезі бар мұражай. Кешеннің жалпы көлемі – 20 мың шаршы метр. Орталық Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұражайы мен С. Сейфуллин атындағы Республикалық бұқаралық кітапхананы біріктірген, еліміздің рухани мұрасы мен халқымыздың мәдени салт-дәстүрін жинақтаған орын.

Назарбаев орталығының мұражайы - Қазақстанның тарихи дамуын айғақтайтын жай ғана экспонаттар ғана емес, Республикамыздың өткені мен бүгінін танытатын ғажайып мүмкіндік. Мұражай қоры археология, этнография, тарих, мәдениет және өнер саласына қатысты 143 мың заттан тұрады. Композициялы түрде олар бірнеше блокка бөлінген: Мәселен, «Берель алтыны» коллекциясы, 1998 жылы Берель ауылы маңында қорғанның ашылуына арналған. Ежелгі көшпенділер дәуіріне жататын (б.з.д. IV-III ғ.ғ.) ғажайып артефактілер мен тұрмыстық заттар мәңгілік суықтың арқасында алғашқы күйінде сақталған. Археологтардың тәжірибесінде мұндай олжалар өте сирек кездеседі. Қазақстан Республикасының Президентіне жақын және алыс шет елдер басшыларының сыйға тартқан сыйлықтарының топтамасы да өте ерекше. Олардың сан түрлілігі Қазақстанның әлем қауымдастығы елдерімен кең серіктес екендігін анық көрсетеді. «Қазақ этнографиясы» топтамасы қазақ халқының дәстүрлі өмірлік ұстанымдарының айғағы. Бұл топтамада – қазақ киіз үйі, ұлттық жиһаз, ыдыс, киім-кешек, әшекейлер сияқты мәдени және тұрмыстық заттар ұсынылған. Ең ерекше және бағалы экспонат – XIX ғасырдың басында жасалған қалыңдықтың сәукелесі. Мұражай қонақтарын қызықтыратын топтамалардың тағы бірі – Б. Сарыбаевтың 315 экспонаттан тұратын жеке музыкалық аспаптар топтамасы. Мұндағы әр аспаптың өз ерекшелігі бар. Музыкалық аспаптарды жасауға саз, қамыс, ағаш, сүйек пен мүйіз, жылқының жалы сияқты материалдар қолданылған. Мұнда көшпенділердің шамандық, әскери, мал бағар және кәсіби аспаптары жинақталған. Назарбаев орталығының кітапханасы Қазақстан тарихы бойынша білімнің қоры болып табылады. Сонымен қатар, мұнда қоғамдық және ғылыми әдебиеттің үлкен қоры жинақталған. Жалпы алғанда, кітапхананың сақтау қоры - 700 мың бірліктен астам. Алайда, кітап қорының ең бағалы бөлігі – 3000 дана көлеміндегі XVII ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жазылған өте сирек шығармалар жинағы.

2012 жылдың 23 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанда мемлекеттіліктің тарихын жүйелі зерттеу және танымал ету мақсатында, «Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасының алғашқы президенті – ұлт көшбасшысының кітапханасы» құрылып жатқан ғимараты негізінде көпжүйелі ғылыми-аналитикалық және гуманитарлы-ағартушылық мемлекеттік мекеме «Назарбаев орталығы» құрылды.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 291 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ| САЯСИ РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)