Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Астана жҰлдызы» монументі

Н.Ә. Назарбаев | Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы | АСТАНА ҚАЛАСЫ | СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ | НҰР-АСТАНА» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ | МЕГА» САУДА, ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ | KOREAN HOUSE» МЕЙРАМХАНАСЫ | ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ | ЖАҢА ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ | АЗАҚТЫҢ ҰЛЫ САЗГЕРІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЕСКЕРТКІШІ |


Читайте также:
  1. АСТАНА ҚАЛАСЫ
  2. АСТАНА 2013
  3. Астана, 2011
  4. ЛІМНЕН КҮШТІ» МОНУМЕНТІ
  5. НҰР-АСТАНА» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ
  6. ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ

«Астана жұлдызы» монументі 2007 жылы ашылды. Монументтің салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Монументтің жобасы Мәскеуде ойластырылып, Қазақстанда жасалды. 40 метрлік стеланың төменгі бөлігінде орналасқан әдемі тұлпарлар ерекше көрініс береді. Осы монумент Астананың дамуының символы.

«Астана жұлдызы» монументі - Астанадан оңтүстік-шығысқа шығатын үлкен күре жолдың әуежайға бұрылатын тұсындағы үшайрықта орналасқан. Астананың туған күніне орайластырылып, ғаламат монументтің ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Монументтің жан-жағын гүл көмкерген биік тұғырға алтын түстес үш қырлы стела қондырылған. Стеланың тұғырынан санағандағы биіктігі 24 метр, ал үстіндегі жұлдызымен қоса санағанда 31,5 метрге жуық. Ең ғажабы – осы стеланың әр қырында аспанға атылып, арқырап тұрған қанатты пырақтар орнатылған. Олардың қанаттары алтынмен апталған қоладан жасалыпты. Әрбір аттың салмағы бес тонна, биіктігі 7 метрден. Стеланың ұшар басындағы жұлдыз да алтынмен апталған, атауы “Жел бәйшешегі” екен, оның диаметрі – 9 метр. Ертедегі халықтардың түсінігі бойынша жерде қанатты пырақтар пайда болғанда жамандық кетіп, жақсылық орнайды, жасампаздық жұлдызы жанады екен. Жоғарыға атылғандай болып тұрған стела серпінді ұмтылысты және жұлдызға қанат қаққан қуатты қозғалысты білдіреді. Біздің кезімізде де өзіңнің серіктес жұлдызыңды табудың маңызы зор. Жұлдыз жер бетіндегі барлық халықтардың дініне, ұлтына, мәдениетіне қарамай, бәріне де ортақ нышан болып қабылданған. Ол барлық халықтарды биіктерге үндейді. Монументтің авторлары: сәулетші-С.Бөкебай, мүсінші А.Нартов.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 488 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ| ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)