Читайте также: |
|
УДК 908
ББК 26.89
Э 41
Бас редакторы:
Ү.Д. Мұңалбаева – «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК директоры,педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Құрастырған А.Мәлжанбай «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің ғылыми қызметкері
Э 41 Экскурсиялық мәтін. Құраст.: А. Мәлжанбай – Астана: «Publicite» ЖШС, 2013. –124 б.
ISBN 978-601-7423-04-9978- 601-80174-7-6
Берілген экскурсиялық мәтін «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің макет жүзінде көрсетілген Қазақстанның әр облысы мен қалаларының көрнекті жерлерінің сурет жүзінде мағлұматтары жинақталған.
Экскурсиялық мәтінге облыстардың, аймақтардың архитектуралық және тарихи ескерткіштерінің тарихы мен аңыз-әңгімелері де енген. Экскурсиялық мәтінді дайындау барысында көптеген ғылыми, публицистикалық, көркемдік әдеби баспалар пайдаланылды.
Кітап көркемсуреттермен безендірілген және көпшілік оқырман қауымға арналған.
УДК 908
ББК 26.89
Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК, 2013 жыл
«...Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абыройының өсуіне, адал қызмет етуге парыздармыз. Ол үшін әрбір азамат еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-тәнімен сезінуі керек.»
Н.Ә. Назарбаев
«АТАМЕКЕН» Қазақстан Картасы»
Көз салсаң өткен күнге, кешегіге,
Тарихтың көші баяу көшеді де.
Беймәлім талай сырға қанығасыз,
Келсеңіз «Атамекен» кешеніне.
Жерімнің бүтіндігі ел тілегі,
Желі кеп Сарыарқаның желпіп еді.
Байлығын еліміздің, әсемдігін,
Айнытпай көз алдыңа келтіреді.
Туған жер қасиетін ұққандайсың,
Шипалы ауасынан жұтқандайсың.
Қазақтың қасиетті кең даласын,
Аралап бір-ақ сәтте шыққандайсың.
Тілдесіп болашақтай тылсымменен,
Қадірін тәуелсіздік білсін деп ем.
Бетінде «Қазақстан Картасының»,
Жүрегі Отанымның дүрсілдеген.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Основные тенденции развития духовного образования. Подготовка духовенства к пастырской практике. | | | Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы |