Читайте также: |
|
MEGA Aстана сауда, ойын-сауық орталығы қаланың жаңа бөлігінде, үлкен жолдың күретамырына орналасқан. Астананың әлеуметтік ірі құрылыс нысандары цирк, неке сарайы, океанариум, сауықтыру орталығы, сәулетті тұрғын үй кешендерімен иықтас орналасуы оның жедел дамуына оң ықпалын тигізуде. MEGA – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ірі сауда, ойын-сауық орталығы. Ол – қазіргі және болашақ Қазақстанның бөлінбес бөлігі, қаланың қонақжай орталығы, бет-бейнесі. MEGA сауда, ойын-сауық орталығының құрылысын дамытумен Astana Group холдингі айналысады. Ол түрлі бағыттағы компанияларды табысты басқаратын республикадағы жетекші девелопер (дамытушы) әрі отандық инвестор. MEGA орталығының жобасын сауда, ойын-сауық нысандарын жобалауға маманданған, халықаралық деңгейде жұмыс істеуде отыз жылдық тәжірибесі бар француздың Design Architectural компаниясы жасаған. Кешен құрылысы қазіргі заманғы әлемдік стандартқа сай, мегаполис тұрғындарының жоғары эстетикалық талаптарына орай жабдықталған. V-Ratio Business Consulting Company өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, 2009 жылы қаңтарда MEGA брендінің құны 62,8 млн. долларға бағаланған. 2008 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша бренд бағасы 439 % өскен. Exclusive журналының мәліметі бойынша MEGA 2009 жылдың ақпанында отандық ТОР-50 (жоғары санатты) компанияларының қатарына енген (14-орын, 2009 жылы қаңтарда – 27- орын), 2008 жылы 1 наурызда Қазақстан тұтынушылар Лигасының «Мінсіз» сыйлығының иегері атанды.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 412 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ | | | KOREAN HOUSE» МЕЙРАМХАНАСЫ |