Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АзаҚтыҢ Ұлы сазгері ҚҰрманҒазы ескерткіші

Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы | АСТАНА ҚАЛАСЫ | СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ | НҰР-АСТАНА» ОРТАЛЫҚ МЕШІТІ | АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ | АСТАНА ЖҰЛДЫЗЫ» МОНУМЕНТІ | ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ | МЕГА» САУДА, ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ | KOREAN HOUSE» МЕЙРАМХАНАСЫ | ХАЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ |


Читайте также:
  1. АЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЕСКЕРТКІШІ
  2. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ
  3. НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ
  4. Н.ТІЛЕНДИЕВ ЕСКЕРТКІШІ
  5. СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ
  6. Т.Г.ШЕВЧЕНКОНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ

Ұлы композитор, дәулескер күйші - Құрманғазы Сағырбайұлына арналған ескерткіш 2012 жылы 4 шілде ашылған. Ескерткіш елордада Тұран даңғылының бойындағы «Думан» конақүй кешенінің аумағында орнатылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі 10 метрді құрайды, тұғыры- 5,5 м, ескерткіштің биіктігі - 4,5 м. Ескерткіштің авторы – мүсінші Асан Молдабаев. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз бүгінгі күні тағы да бір маңызды оқиғаның куәгері болып отырмыз - ұлы халық композиторы Құрманғазының ескерткішін ашудамыз. Оның «Сарыарқа» күйі біз бүгін Астананы салған, сол арқылы бүкіл әлемге танылған далаға арналады. Құрманғазы Сағырбайұлы ХІХ ғасырдағы қазақ тарихын, мәдениетін және бүкіл халықты күйге қосып жырлаған ерекше тұлға. Сондықтан да халқымыз Құрманғазының күйін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жадында мәңгі сақтап келеді», - деп атап өтті Елбасы ескерткіштің ашылу салтанатында. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші өзі жерленген Астрахан облысында (Ресей) орнатылғанын, сол ескерткіш қайта жаңғыртылып, онда арнайы мұражай ашылғанын мәлім етті. Күй атасы атанған Құрманғазының есімі еліміздің көптеген көшелеріне, мәдени мекемелеріне берілген. Құрманғазы Сағырбайұлы (1823-1896)- бабамыздың есімі аталғанда есімізге домбыра түседі. Домбыра – қазақтың жан дүниесі. Ақын ағамыз Қадыр Мырзалиев өлеңінде «нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген. Бұл талай дәуірден бергі бабалардың болмысын екі ішек пенен тоғыз пернеге сыйдырған ұлы композиторлардың жұмысы болатын. Халқымызда осы домбыраға жан беріп, қу тақтайдың көмейіне күллі қазақтың рухын сыйғызған талай дәулескерлер өткен. Олардың бірі әрі бірегейі – ұлы күйші Құрманғазы. Оның «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын», «Қайран шешем», «Кішкентай» күйлері әр қазақтың жадында. Қазақ барда күй құдіреті Құрманғазының есімі ешқашан өшпейді. Оның күйіне арқау болған Сарыарқа, ұлы даламыз да бүгінгі күні әлемге танылды.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 388 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖАҢА ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ| ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)