|
«Атамекен» Қазақстан Картасы»
этно-мемориалдық кешенінің директоры,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Елдің мемлекеттік тәуелсіздігі 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланған. Жер көлемі – 2724,9 мың шаршы шақырым. Халқы - 16 441 959 (2011 жылдың 1 қаңтары). Астанасы – Астана қаласы.
Қазақ елі ұлан-байтақ. Бір қиырынан бір қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылады. Кең байтақ жеріміз батысындағы Жайық өзенінен шығысындағы Алтай таулары мен Ертіс өзеніне дейін 3 мың шақырым, солтүстігіндегі Батыс Сібір ойпаты мен Есіл өзенінен оңтүстігіндегі асқақ Алатауға дейін 1600 шақырым, жалпы аумағы 2 724,9 мың шаршы шақырымды алып жатыр. Жағрапия тілімен айтқанда, 55°,26' - 40°,56' солтүстік пен 45°,27' - 87°,18' шығыс бойлық арасына орналасқан. Қазақстан өзінің жер көлемі жөнінен әлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарында тұр. Бұл көрсеткіш бойынша, ол Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орынды алады.
Қазақстан Республикасының шекарасы 12 мың шақырымнан асады. Оның 12 мың шақырымы құрлықпен, ал 1730 шақырымы су (Каспий және Арал теңіздері) бойымен өтеді. Батыс, солтүстік батыс және солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясы болса, оңтүстік-шығыс және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстағы шекараластарымыз Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы.
Қазақстан жерінде 100-ден аса ұлт пен ұлыстар тұрады. Жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендері: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.
Республика аумағында 4 750 түрлі өсімдік өседі. Ірі мұхиттардан тым шалғай жатқандықтан, Қазақстанның климаты, негізінен, құрғақтығымен ерекшеленеді. Тек Алтай мен Алатау маңында ғана ылғалдау ауаның басымдылығы сезіледі.
«Атамекен» – ұрпақтан-ұрпаққа қалып отырған «кір жуып, кіндік кескен» аймақ, өңір. Түркі қауымына ортақ «Ата» сөзімен қосылып, әуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, «ата – бабалар ғұмыр кешкен, олардың ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіретін термин ретінде орныққан.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 459 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Н.Ә. Назарбаев | | | АСТАНА ҚАЛАСЫ |