Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арахан кесенесі

БАЙҚОҢЫР – ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ | ОҚШЫ-АТА КЕСЕНЕСІ | Облыс аумағында 12 аудан, 8 қала, 934 ауыл бар. | ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ | ОТЫРАР ҚАЛАСЫ | БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ | ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ | Облыс орталығы – Тараз қаласы. | АЙША-БИБІ КҮМБЕЗІ | ШОҚАЙ ДАТҚА КҮМБЕЗІ |


Читайте также:
  1. АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ
  2. АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ
  3. БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ
  4. БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ
  5. ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ
  6. ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ

Қарахан кесенесі (Әулие ата мазары) – XI ғасырға жататын “Ежелгі Тараз ескерткіштері” қорық-музейі территориясында орналасқан діни-мемориалдық кешен. Қараханидтер дәуіріне жататын алғашқы құрылыс ХІ ғ. жатады. Кесене – 1005-1006 жж. алғашқы жоспарлау мен сәулет принциптері сақтала отырып қайта тұрғызылды. Сондай-ақ, орта ғасырлардағы кірпіштер де пайдаланылған. Соңғы орта ғасырлардағы ортаазиялық типтік үлгідегі діни-сәулеттік үлгіні қолдана отырып салынған порталды-күмбезді кесене. Халықтың айтуы бойынша, Қараханның өзі де, кесененің салынуы да Айша бибі мен Бабаджа хатунмен тығыз байланысты болған. Тарихи ғылым бойынша, ол – Х-ХІІ ғғ. өмір сүрген Қараханидтер әулетімен байланысты және мұсылман әлемінде әулие адамдардың қатарына кіреді. Осыған байланысты, «Әулие Ата» деп аталып кеткен. Кешен көптеген қасиетті адамдарға арналған. Қазіргі уақытта “Ежелгі Тараз ескерткіштері” қорық-мұражайының орталық залында – Тараздың бай тарихы жайлы айтатын экспозиция қойылған. 1982 жылы мемлекет қорғауына алынған. Әбділкәрім Сатұқ Қарахан (?-960 жж.) – Орта Азияда Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы. Шыққан тегі – мұсылман түркі әулетінен. Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлық қағанатының ыдырауымен тікелей байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті екі ірі тайпалар бірлестігінен – шігілдер (шикілдер) мен иағмалардан құралғанға ұқсайды. Қарахан осы иағма тайпасынан шыққан.

Қарлық қағанатының қағаны Білге Құл (Қадыр хан) өлгеннен кейін, оның орнына қалған екі баласы Бәзір Арслан мен Оғұлшақтың арасында немере інісі Сатұқ Боғра-хан ерекше көзге түседі. Ол кейін Оғұлшақтың өзіне қарсы шығып, Тараз бен Қашқарды одан тартып алады.942 жылы ол Баласағұн билеушісін тақтан тайдырып, өзін «қағанмын» деп жариялайды. Қарахан 960 жылы қайтыс болады. Оның орнына отырған баласы Мұса исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Осыдан болар мұсылман тарихшылары қарахандар әулеті билеушілерінің кестесін Мұсадан бастайды.

Бірақ, шын мәнінде Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Мұсаның әкесі – Әбділкәрім Сатұқ Қарахан, кейінгі тарихшылардың мемлекет атын оның есімінен «Қарахан» деп атауы да содан.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КӨШЕК БАТЫР МАЗАРЫ| СЫПАТАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)