Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ОҚшы-ата кесенесі

ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ | І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ | ШАРЫН ШАТҚАЛЫ | І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МУ ҒИМАРАТЫ | Облыс аумағында 7 аудан, 3 қала, 273 ауыл бар. | ОРҚЫТ-АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ – ДРАМА ТЕАТРЫ | ЖАНҚОЖА БАТЫР КЕСЕНЕСІ | ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ |


Читайте также:
  1. АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ
  2. АРАХАН КЕСЕНЕСІ
  3. АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ
  4. БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ
  5. БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ
  6. ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ
  7. ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ

Оқшы-ата кесенесі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жөлек ауылынан 7 шақырым жерде орналасқан. Атабай ауылынан батысқа қарай 10-15 км қашықтықта, киелі Түркістаннан 40-45 км жерде киелі Оқшы-атаның құдығы бар. Халық арасында Оқшы-ата туралы көптеген аңыз-әңгіме қалған. Аңыз бойынша, Оқшы ата Мұхаммед Пайғамбардың ең жақын діни уәкілдерінің бірі болған деседі.Мұхаммедтің жаулары оны өлтіре алмаған. Сондықтан, олар халыққа мынадай жарлық салады: «кімде-кім Оқшы-атаның басын алып келсе, соған басынан аяғына дейін алтын жаудырамыз». Мәңгілік өмір сүру құпиясын білу мақсатында, Оқшы-атаға бір әйел жіберіледі. Бір күні Оқшы-ата әйелге өзінің құпиясын ашады: «Мені ешкім өлтіре алмайды, себебі Мұхаммед Пайғамбардың өзі (с.ғ.с.) маған әулиеліктің белгісін басқан, бірақ мені намаз оқып отырғанымда өлтіре алады». Бұны білген жаулары, намаз оқып отырғанда, оның басын шапқан. Бірақ шабылған бас, өзін ұстатпай, саңылауға кіріп, жоқ болған. Өлтірушілер жерді қанша қазғанымен, бірақ ештеңе таба алмаған. Бас жер асты сулары арқылы Меккеге жеткен. Жергілікті халық әулиенің басын танып, сол жерде жерлеген. Ал Оқшы-атаның денесін басы түскен жер асты суымен жуып, басқа жерде жерленген. Бассыз дененің жерленген орнына белгі қойған. Жерленген орны көп жылдар бойы ұмыт қалған. Бірақ осы жақында әулиенің әруағы жергілікті Кәміл ақсақалға аян беріп, соның көмегімен зиратын тапқан.

Адамдар Оқша-атаның зиратына, әулиенің аруағына құрмет көрсетуге, киелі құдықтан су ішуге барады. Құдықтың суы киелі. Кейде шелек құдықтан сусыз немесе топыраққа толып шығады. Тіпті, шелек құдықтың түбінде қалып қоятын кездері де болады. Бұл – сол шелекті салған адамның күнәлары көп екендігін білдіреді. Сондықтан, күнәсінан арылу үшін ол адам көп жақсылық жасауы тиіс. Әулие Оқша-ата құдығының киелігіне күмән жоқ. Кесене сазды лайдан, күйдірілген кірпіштен қаланды. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 1,1-1,2 м. Іргетасы – жерге 0,8 м тереңдікке енгізіліп, күйдірілген кірпіштен қаланды.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 1433 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
БАЙҚОҢЫР – ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ| Облыс аумағында 12 аудан, 8 қала, 934 ауыл бар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)