Читайте также:
|
|
Қызылорданың Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ драма театры 1955 жылы Талдықорған қаласы Еңбекшіқазақ және Қаратал ауданындағы колхоз-совхоз театрының негізінде ұйымдастырылды. Театр өзінің шымылдығын тұңғыш рет 25 қарашада М. Мүсіреповтің “Ақан сері – Ақтоқты” трагедиясымен ашты. 1960 жылы наурыз айында театр Қызылорда қаласына көшірілді. 1970 жылы театрға Нартай Бекежановтың есімі берілді. 1997 жылы театр сазгер Нартай
Бекежанов атындағы музыкалық-драма театры болып өзгертілді. Театрдың іргесін қаласып, алғашқы күннен бастап өнер көрсеткендер арасында ҚазАКСР-інің еңбек сіңірген әртістері Т.Айнақұлов, О.Әбдімомынов, Ш.Әбдібаев, С.Шотықов пен Қ.Көпбаев, А.Манасбаев, Ш.Мәрденов, Қ.Саурықов, Р.Тәжібаева т.б. әртістері және тұңғыш режиссері ҚазАКСР-інің еңбек сіңірген әртісі Ж. Әбілбаев болды. Театр ұжымы осы жылдарда М.О.Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай”, Әуезовтің “Қаракөз”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы-көрпеш – Баян сұлу”, Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Жат елде”, Т.Ахтановтың “Махаббат мұңы”, “Әке мен бала” т.б. спектакльдерін сахнаға шығарды. 1966 жылы театр режиссері М. Байсеркеновтің жетекшілігімен В.В. Вишневскийдің “Оптимистік трагедиясын” қойды. Бұл республика театры өміріндегі елеулі оқиға болды. Осы спектакльде комиссардың бейнесін Ш. Бәкірова сомдады. Театрдың режиссерлері болып Мен Дон Ук, Р.С.Андриасян, Байсеркенов, Т.Өтебаев және т.б. қызмет істеді. Театрдың бас режиссері – Х.Теміров (1983), суретшісі – С.Пірмаханов (1983) болды. Нартай Бекежанов(1890 – 1945) – ақын, композитор. Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. Бай - молдаларды шенеген (“Сараң байға”, “Мырзалық емес”), барымта әмеңгерлікті әшкерелеген. (“Жесір дауы”), жалшыларды батылдыққа, қайсарлыққа шақырған өлеңдер шығарды. Ақындар айтысында Н. Баймұратовпен, Қ. Байболовпен өнер сайысына түсті. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар өзі де әндер (“Толқын”, “Нартай сазы”, “Өсиет терме”) шығарды. Нартай өмірінің соңғы кезеңіне дейін өткір идеялық құрал өнер мен мәдениетті дамыту жолында күресті. Ол туралы Мұхамеджан Рүстемов “Нартай” повесін жазды.Шығармаларының жинағы екі дүркін жеке кітап болып басылды. 1982 жылы «Жазушы» баспасынан «Өсиет» деген атпен өлеңдер, дастандар, айтыстар енген жинағы жарық көрді. «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы (1939) берілген.
МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
Жаңа заманғы техникамен жабдықталған медициналық орталық Болгар архитекторларының жобасымен жасалған. Көп саласы аурухана кешені құрылысын (медициналық орталық) 1998 жылы “Казахболгарстрой” тресіжүргізді. Медициналық орталық – Қызылорда қаласының оңтүстік бөлігінде 15 гектар жерге орналасқан. Аурухана кешенінде 860 (200 балалар орны) орын бар. Оның құрамына 20 стационарлық бөлімше, 2 педиатр, 2 балалар орталығы және 250 орындық пансионат бар.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 376 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ОРҚЫТ-АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | | | ЖАНҚОЖА БАТЫР КЕСЕНЕСІ |