Читайте также: |
|
Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында 1947 жылы салынған.
Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлеймін сиынбай.
Сырлы, сұлу сөздері.
Маған тартқан сыйындай, - деп ғұмыр бойы ақындардың алтын діңгегі атанған ұстазын ардақ тұтып, тасқындаған дариядай ақтарыла жырлаған, өмірін өлеңмен өрнектеген, алдаспан ақын - Жамбыл Жабайұлы 1846 жылы Алматы облысының Жамбыл тауының атырабында дүниеге келді. Өзінің туған күні туралы:
Қақаған қар аралас, соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан, - деп жырлайды толғауында.
Жамбыл жастайынан еңбекші бұқараның мұңын мұңдады, жырын жырлады, бай-манаптарды, дін иелерін өзінің отты өлеңдерімен әшкерелеп отырды. Бұған «Шалтабайға», «Қалиға», «Әкеме» т.б. өлеңдері дәлел.
Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: «Жамбыл – біздің ұлы заманымыздың жоғары сапалы, көркем саяси поэзиясын жасаушы» деп бағалаған.
Ол – қазақ батырларының ерлігін жырлайтын дастандарды көп білетін. Сонымен бірге, өзі жиі барып, сыйлы қонағы болатын қырғыз ақындарымен де айтысып, олардың құрметіне бөленіп жүрді. Қырғыздың өлеңшілері мен манасшылары Қалық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағынбек шығармаларын да жақсы білген. Жамбыл бір отырғанда домбырамен «Көрұғлы» дастанын бірнеше күн қатарынан, сол сияқты «Шахнаменің», «Мың бір түннің» үзінділерін бірнеше сағат бойы жырлаудан жалықпаған жыршы. Кейін, тоқсаннан асқан Жамбыл бастаған көшке – Шашубай, Нүрпейіс, Кенен, Нартай, Орынбай, Омар, Доскен, Қалқа, Қуат, Үмбетәлі, Нұржан, Саяділ сынды тарландар ерді. Олар халық ауыз әдебиетін жаңаша дамытты. Олардың ішіндегі ең жарқын үлгісі, жасампазы – Жамбыл болды. Сан ғасырға тамыр жайған халық ауыз әдебиетінің алыбы. Міне, даңқты Жамбылдың да дүние салғанына жарты ғасыр өтіпті. Содан бері ұрпақ оның ұлы есімін жадында сақтап, өлең-жырларын жаттап өсіп келеді. Жамбылдың ән-жыры әр қазақтың жүрегінде, өйткені ұлы ақын – өз халқының алып мәуелі бәйтерегінің бір бұтағы.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 256 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Кімшілік орталығы – Талдықорған қаласы. | | | Н.ТІЛЕНДИЕВ ЕСКЕРТКІШІ |