Читайте также: |
|
Алматы облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Ең ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Алматы облысының жері ежелден сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Оның басым бөлігін Сарыесік Атырауқұмның, Тауқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыралық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Ол тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы – Бесбасқан орналасқан. Алматы облысының климаты, негізінен, континенттік. Қысы – қоңыржай, салқын. Өзендері Балқаш пен Алакөлдің тұйық алабында жатыр. Жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек ірі өзендері және шағын Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен деген өзендері бар. Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, Ұялы, Қошқаркөл. Іле өзенің бойында Қапшағай бөгені және СЭС-і салынған.
Алматы облысы-Жетісу өңірі туралы (Әбілхан Әбіласан Қазақстанның тарихи-танымдық географиясы: оқу құралы, Алматы-2007- «Глобус» баспасы.)
Жетісу төрінде кіндік қаны тамған тұлғалар: Райымбек батыр, Қарасай батыр, Өтеген батыр, Саурық батыр, Бекболат Әшекеев, Балпық би, Тезектөре, Сүйінбай ақын, Жамбыл ақын, Көдек ақын, Қойдым ақын, Нұрғиса Тілендеев, Дәнеш Рақыш, Ілияс Жансүгіров, Мұқағали Мақатаев, т.б әйгілі дарындар осы өлкеде туған.
Алматы облысының аумағын бабаларымыз «Жер жаннаты жетісу» деп атаған. Жетісу аты Балқашқа құятын мына жеті өзенге байланысты шыққан. Олар: Іле, Қаратал, Бүйен, Ақсу, Лепсі, Басқан, Сарқанд өзендері. Табиғаты: Жетісу жері құнарлы да шұрайлы болып келеді. Асқар таулар мен мөлдір бұлақтар, көрікті сарқырамалар, көкорай шалғындар мен орманды алқаптар бұл өлкеде жетерлік. Бұл өңірде атақты Іле алатауы мен Жоңғар алатауы, әйгілі Қазақстанның ең биік нүктесі «Хан тәңір шыңы» -6995 м. және Балқаш көлі (ең терең жері 26 м) орналасқан. Жануарлар дүниесі: Қазақстанның Қызыл кітабына енген «Қар барысы», «Тянь-шанның қоңыр аюы», «Арқар-құлжалар», «Бүркіттер» осы жетісу жерінің құзар тауларын мекендейді. Бұлардан басқа, сақалта, орман кептері, қырғауыл, түлкі, қасқыр, қоян, үнді жайрасы, атақұр, Сібір таутекесі, Гималай ұлары, бұғы, марал секілді көптеген аң-құс түрлері тіршілік етеді. Қазақстан бойынша қорғауға алынған табиғат ескерткіштері үшеу: «Шарын шетен тоғайы», «Шыңтүрген шыршалы алқабы» Іле Алатауында, ал «Қаздың қайтуы» Кереку аймағында. Шарын өзенінің аңғары- «Шарын каньоны» деген атпен әйгілі. Ол жерде өте ерте заманда жел әсерінен пайда болған ғажайып жарқабақтар өте көп. Осы аймақтың жануарлар мен өсімдік дүниесін қорғау мақсатында 1931 жылы «Алматы қорығы» ұйымдастырылған. Сонымен қатар бұл өңірде «Жетісу қақпасы» арқылы «Ебі желі» және «Сайқын желі» еседі. «Алтынемел» ұлттық табиғат саябағы мен атақты «Әнші құм» табиғат ескерткіші осында. Кен байлықтары: Жетісу Алатауы атырабында полиметалл кендерінің қоры мол, Мәрмәр, әктас, қоңыр таскөмір, гипс, тұз кен орындары, минералды бұлақтар (Қорғас, Жаркент, Арасанқапал т.б) бар. Ауыл шаруашылығы: мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар дамыған. Оның ішінде суғарылмалы егіншілік дамыған, әсіресе күріш пен қант қызылшасы алдыңғы қатарда тұрады. Алматы облысының орталығы- Талдықорған қаласы. Ол- 1869 жылы Қаратал өзені алқабына келген орыс қоныстанушыларының Гавриловское деп аталатын селосының орнынан ірге көтерген қала. 1915 жылы бұл селоның тұрғын саны 5 мыңдай ғана болған. 1923 жылдан бастап өзінің жергілікті атауымен Талдықорған аталып, уезд орталығы болған. 1944 жылы қала статусын алған. Қазіргі уақытта жеңіл және тамақ өнеркәсібі жедел өркендеген қалалардың бірі болып отыр.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 287 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
БУРАБАЙ | | | ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ МАЗАРЫ |