Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ішкі тәртіп

Сейілдемеге босату | Бөлімшелердің (командалардың) орнын ауыстыру | Скери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру | Скери қызметшілердің қызмет және тұрмыс жағдайларын сауықтыру | Скери қызметшілердің шынығуы, дене дайындығымен және спортпен айналысуы | Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралар | Емдеу-алдын алу іс-шаралары | Монша-кір жуу қызметін көрсету | Жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет | Парктердегі ішкі қызметтің ерекшелігі |


Читайте также:
  1. Оқу-жаттығу сабақтары
  2. Тарау. Ішкі тәртіп

 

351. Ішкі тәртіп, күн тәртібі және жеке құрамды оқу-жаттығу орталығынан, полигоннан (лагерьден) сейілдемеге босату тәртібін әскери бөлім командирі айқындайды.

352. Бөтен адамдар оқу-жаттығу орталығына, полигонға (лагерьге) осы Жарғының 276-279-тармақтарының талаптарына қатысты бөлім командирі белгіленген ережелерге сәйкес келе алады.

353. Жеке құрамға шығу тыйым салынатын оқу-жаттығу орталығының, полигонның (лагерьдің) шекаралары бұйрықта жарияланады және әскери құрамның жеке құрамына жеткізіледі.

354. Оқу-жаттығу орталығы, полигон (лагерь) аумағындағы жолдар қозғалыс бағытының көрсеткіштерімен, сондай-ақ жауынгерлік және басқа да машиналардың рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын білдіретін жол белгілерімен жабдықталады.

Шынжыр табанды техника үшін дөңгелекті техникадан бөлек қозғалыс бағыттары белгіленеді.

355. Оқу-жаттығу орталығының, полигонның (лагерьдің) аумағы өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындаумен тазалықта ұсталуы тиіс. Қоқыс жиналады және санитарлық қадағалау органдарымен келісілген, оқу-жаттығу орталығында, полигонда (лагерьде) әскери бөлім орналасқан шекарадан кемінде үш шақырым алыс орындарға, соғатын қатты желдің бағытын ескере отырып күн сайын шығарылады.

356. Жеке құрамның оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ашық су тоғандарында шомылу тәртібін бөлім командирі (лагерьлік жиынның бастығы) белгілейді.

Шомылу арнайы бөлінген және тиісті жабдықталған орындарда жүргізіледі.

Сарбаздар (матростар) мен сержанттар (старшиналар) шомылуға сапқа тұрғызылып, жетекшінің командасымен барады.

Шомылу уақытында тәртіпті қадағалау, суда қайғылы оқиғаларды болдырмау және медициналық көмек көрсету үшін офицерлерден немесе сержанттардан жүзгіштердің кезекші командасы және кезекші фельдшер (санитарлық нұсқаушы) тағайындалады.

Шомылу уақытында бөлімше командирлері (командалардың жетекшілері) жағадан шомылушыларды қадағалауға міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жалпы ережелер| Скери бөлімнің лагерь болып (шатырларда) орналасуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)