Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралар

Оршаған ортаны қорғау | Жалпы ережелер | Күн тәртібі, қызмет уақытының регламенті | Йқыдан тұрғызу, таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеру | Оқу-жаттығу сабақтары | Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас | Сейілдемеге босату | Бөлімшелердің (командалардың) орнын ауыстыру | Скери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру | Скери қызметшілердің қызмет және тұрмыс жағдайларын сауықтыру |


Читайте также:
  1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
  2. Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы
  3. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  4. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  5. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
  6. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  7. Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы

293. Әрбір әскери қызметші өзінің денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығы туралы қамқорлық көрсетуі, медицина қызметкерлерінен сырқатын жасырмауы, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтауы, зиянды әдеттерден аулақ болуы тиіс.

294. Жеке гигиена ережелеріне:

таңертең белуарына дейін салқын сумен шайынуы және тісін тазалауы;

тамақ ішер алдында қолын жууы;

ұйқыға жатар алдында жуынуы, тісін тазалауы және аяғын жууы;

уақтылы қырынуы, шашын және тырнағын алуы;

іш киімі мен төсек-орнын, шұлғауы мен ұйықтарын ауыстырумен апта сайын моншада жуынуы;

киім-кешегін, аяқ киімі мен төсек-орнын таза ұстауы, жаға астарларын уақтылы ауыстыру кіреді.

Әскери қызметшілердің шаш үлгісі, мұрты мен сақалы (егер олар бар болса) ұқыпты болуы, гигиена талаптарына жауап беруі және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға және жарақтарды алып жүруге бөгет жасамауы тиіс.

Сақал қоюға тек офицерлерге рұқсат етіледі.

295. Қоғамдық гигиена ережелеріне:

ұйықтайтын үй-жайларда, дәретханаларда және басқа да жалпы пайдаланылатын бөлмелерде тазалық сақтау;

үй-жайларды жиі желдету;

көпшілік орындарда, сондай-ақ әскери бөлім (бөлімше) орналасқан аумақта тазалық сақтау кіреді.

296. Әскери қызметшілердің жұқпалы ауруларды жұқтырмауын қамтамасыз ету үшін алдын ала егу жұмыстары жүргізіледі. Егулер жоспарлы және індеттік көрсетулер бойынша болуы мүмкін.

Жоспарлы сақтандыру егулері әскери бөлімнің (бөлімшенің) барлық жеке құрамын алдын ала егулердің күнтізбелік жоспарына сәйкес, ал індеттік көрсетулер бойынша аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен жүргізіледі.

Індеттік көрсетулер бойынша егулерден әскери қызметшілер тек дәрігерлердің қорытындысы бойынша босатылады.

Егулер туралы белгілер медициналық кітапшаларына және әскери билеттеріне енгізіледі.

297. Әскери қызметші өзінде немесе онымен бірге бір пәтерде (жатақхана бөлмесінде), сондай-ақ казармада тұратын адамдар арасында жұқпалы аурудың туындағаны туралы медицина қызметкеріне баяндауға және медицина қызметі бастығының қорытындысы бойынша өзінің тікелей командирінің (бастығының) рұқсатымен қызметтік міндеттерін орындауы тиіс.

298. Әскери бөлімде жұқпалы аурумен сырқаттанушы табылған кезде медицина қызметінің бастығы бұл туралы дереу командирге (бастыққа) және үлкен медицина бастығына баяндайды, сырқаттанғандарды белсенді анықтауды, оқшаулауды және госпитальға жатқызуды, бөлімшелерді залалсыздандыруды, сырқаттанғанмен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалауды жүргізеді және санитарлық-гигиеналық бақылауды күшейтеді.

Қажет болған кезде әскери бөлімде қадағалау режимі немесе карантин енгізіледі, азаматтық тұрғындармен қарым-қатынас тоқтатылады немесе шектеледі, әскери бөлімнің ішінде жеке құрамның жиналысына және мәдени көпшілік іс-шараларына тыйым салынады, қосымша оқшаулағыштар өрістетіледі.

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 410 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Скери қызметшілердің шынығуы, дене дайындығымен және спортпен айналысуы| Емдеу-алдын алу іс-шаралары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)