Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

Скери қызмет қауіпсіздігі | Лкендер және кішілер | Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы | Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы | Скери сәлемдесу | Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері | Лауазымға кірісу тәртібі | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі | Бригада командирінің орынбасары |


Читайте также:
  1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
  2. Ауіптілікті идентификациялау жөніндегі білімдерін қалыптастыру
  3. Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы
  4. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  5. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі
  6. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  7. Батальон командирінің орынбасары

97. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және психологиялық жұмыстың ұйымдастырылуы мен жай-күйі; жеке құрамның әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту жөніндегі жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігі; бригаданың жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстауда, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы міндеттерін шешуде, сондай-ақ жауынгерлік міндеттерді шешуде тәрбие жұмысының пәрменділігі үшін жауап береді.

Ол бригада командиріне бағынады және бригаданың барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

98. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

бригаданың (кеменің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларын жоспарлауға және орындалуын қамтамасыз етуге қатысуға;

тәрбие және әлеуметтік-құқықтық құрылымдардың жұмысын ұйымдастыруға және басшылық жасауға;

тәрбие құрылымдары офицерлерін іріктеуді және оқытуды жүзеге асыруға, оларды орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;

оны бригаданың (кеменің) ұдайы жауынгерлік әзірлігін ұстауға, жауынгерлік міндеттерін, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы міндеттерін табысты орындауға, жеке құрамның әскери тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйін, құқықтық негіздегі дара басшылықты нығайтуға бағыттай отырып, тәрбие жұмысын жоспарлауға және жеке өзі жүргізуге;

ұлттық, психологиялық, діни ерекшеліктерін және әскери қызметшілердің білім деңгейін ескере отырып, жеке құрамның оқу-жаттығу және жауынгерлік міндеттерін орындауды моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, олардың бойында жоғары жауынгерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыруға;

әскери қызметшілердің бойында қару-жарақты, әскери және басқа техниканы игеруге және қолдануға ұдайы әзірлікте ұстау үшін, әскери және мемлекеттік мүлікті сақтау үшін жеке жауаптылық сезімін тәрбиелеуге;

бригададағы (кемедегі) жарысты ұйымдастыру және жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің озық тәжірибесін насихаттау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, бастама мен белсенділікті дамытуға;

бригаданың жеке құрамын Қазақстан халқына және Президентіне адалдық, ұлтаралық келісім, қазақстандық патриотизм, заңдарды сақтау, әскери борышы мен әскери антқа адалдығы, жалпыәскери жарғылар мен командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге;

әскери дәстүрлерді, жауынгерлік достық пен жолдастықты ұстау және дамыту жөнінде шаралар қабылдауға;

мемлекеттік-құқықтық даярлықты ұйымдастыруға және жүргізуге, әскери қызметшілер мен азаматтық персоналды әлемде және Қазақстан Республикасында болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттандыруды жүргізуге, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әскери-саяси жағдайды және олардан туындайтын жеке құрамның міндеттерін түсіндіруге;

оқу және әдістемелік әдебиетпен, оқытудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етуге; мемлекеттік-құқықтық даярлық топтары басшыларының теориялық және әдістемелік даярлығын, азаматтық персоналды экономикалық оқытуды жүзеге асыруға, оларға өз міндеттерін орындау үшін жағдайлар жасауға;

бригада орналасқан өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды білуге, жастарды және жеке құрамды патриоттық және адамгершілік тәрбиелеу, әскери қызметтің беделі мен әскери қызметші мамандығының абыройын арттыру, азаматтарды әскери қызметке даярлау және оны халық арасында насихаттау мақсатында жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, заңнамаға сәйкес әрекет ететін қоғамдық және ардагерлер ұйымдарымен байланыс орнатуға және ұдайы ұстауға;

әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ұжымдарды топтастыру, әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге;

офицерлермен және сержанттармен тәрбие жұмысын жеке жүргізуге, рота және одан жоғары әрбір офицердің, сержанттардың (старшиналардың) әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиетін білуге, әскери қызметшілерді іріктеуде, орналастыруда және аттестаттауда, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну үшін, әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуде қатысуға;

офицерлерді, сержанттарды тәрбие жұмысын жүргізу практикасына оқытуға, оларға жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және өткізуде әдістемелік көмек көрсетуге;

жауынгерлік міндетті орындайтын, ішкі нарядтарда қызмет атқаратын бөлімшелердің жеке құрамын іріктеуге, орналастыруға қатысуға. Кемінде аптасына бір рет қарауылдық және ішкі қызметтерді даярлауды және атқаруды жеке өзі тексеруге;

бос уақытты мәдени өткізу орталықтары мен кітапханалардың жұмысын ұйымдастыруға, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени және рухани дамуы үшін жағдайлар жасауға;

әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, азаматтық персоналға қатысты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізуге, олардың мұқтаждықтары мен сұраныстарын білуге, негізді ұсыныстар мен өтініштерді уақтылы шешуге, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге шаралар қабылдауға;

жеке құрамның денсаулығы, тамақтануы, материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы қамқорлық көрсетуге;

өз мамандығы бойынша бригаданың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға және оларды уақтылы игеруге қатысуға;

техникалық тәрбиелеу құралдарын және мәдени-ағарту мүлкімен уақтылы қамтамасыз ету, ақпараттық-тәрбие жұмыстары, психологиялық жеңілдеу және көрнекілік үгіт бөлмелерін безендіру жөнінде шаралар қабылдауға;

әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персонал адамдарын жеке мәселелері бойынша қабылдауға;

жоғары тұрған штабтар мен жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есептерді уақтылы ұсынуға;

бригада командиріне және жоғары тұрған әскери басқару органына жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі, жүргізілген тәрбие және бос уақытты мәдени өткізу іс-шаралары, әлеуметтік-құқықтық жұмыстар мен әскери тәртіптің жай-күйі туралы уақтылы баяндауға міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 275 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бригада штабының бастығы| Бөлімінің бастығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)