Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Скери сәлемдесу

Жалпы ережелер | Скери қызметшілердің құқықтары | Скери қызметшілердің жалпы міндеттері | Скери қызмет қауіпсіздігі | Лкендер және кішілер | Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері | Лауазымға кірісу тәртібі | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі | Бригада командирінің орынбасары |


Читайте также:
  1. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  2. Скери қызмет қауіпсіздігі
  3. Скери қызметшілердің құқықтары
  4. Скери қызметшілердің қызмет және тұрмыс жағдайларын сауықтыру
  5. Скери қызметшілердің жалпы міндеттері
  6. Скери қызметшілердің шынығуы, дене дайындығымен және спортпен айналысуы
  7. Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы

56. Әскери сәлемдесу әскери қызметшілердің ұйымшылдығының үлгісі, өзара сыйластығының куәсі және жалпы мәдениетінің көрінісі болып табылады.

Барлық әскери қызметшілер кездескен (озып өткен) кезде Қарулы Күштердің саптық жарғысымен (бұдан әрі – Саптық жарғы) белгіленген ережелерді қатаң сақтай отырып, бір-бірімен сәлемдесуге міндетті.

Бағыныстылар мен әскери атағы бойынша кішілер бірінші болып, ал олардың жағдайлары тең болған кезде бірінші көрген сәлем береді.

57. Әскери қызметшілер одан басқа:

Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне;

әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына, сондай-ақ әскери кемеге келгенде және одан кеткен кезде Әскери-теңіз жалауына;

әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа тағзым етуге міндетті.

58. Әскери бөлімдер мен бөлімшелер сапта тұрған кезде команда бойынша:

Қазақстан Республикасының Президентіне;

барлық тікелей бастықтарға, армия генералдарына, генерал-полковниктерге, адмиралдар, сондай-ақ әскери бөлімде (бөлімшеде) инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарға;

Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштері мен қабірлеріне;

әскери бөлімнің Жауынгерлік Туына, ал әскери кемеде Әскери-теңіз жалауына, ол көтерілген және түсірілген кезде;

әскери бөлімшелер ілескен қаралы топқа;

кездескен кезде бір-біріне сәлемдеседі.

59. Саптан тыс болған кезде сабақтар уақытында және сабақтан бос уақытында әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) әскери қызметшілері бастықтарға «Тік тұр» немесе «Тұр. Тік тұр» командалары бойынша сәлемдеседі.

Саптан тыс сабақтарда, сондай-ақ тек офицерлер ғана қатысып отырған кеңес уақытында командирлерге (бастықтарға) әскери сәлемдесу үшін «Офицер мырзалар» деген команда беріледі.

«Тік тұр», «Тұр. Тік тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасын қатысушы командирлердің (бастықтардың) үлкені немесе келген командирді (бастықты) бірінші көрген әскери қызметші береді.

Осы команда бойынша барлық қатысушылар орындарынан тұрады, келген командир (бастық) жаққа бұрылады және саптық қалыпты қабылдайды.

Қатысушы командирлердің (бастықтардың) үлкені келушіге жақындап, оған баяндайды. Мысалы: «Полковник мырза. Бөлімнің офицерлер құрамы кеңеске жиналды. Бөлім штабының бастығы майор Артықов».

Келген командир (бастық) баянатты қабылдап, «Еркін тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасын береді, ал баяндаушы осы команданы қайталайды, бұдан соң барлық қатысушылар «еркін тұр» күйін қабылдайды.

60. «Тік тұр» немесе «Тұр. Тік тұр» командасын беру және командирге (бастыққа) баяндау ол әскери бөлімге немесе бөлімшеге осы күні алғаш келгенде жүзеге асырылады. Кеме командиріне «Тік тұр» командасы оның кемеге әрбір келуі (кемеден түсуі) кезінде беріледі.

Аға командир (бастық) болған кезде кішіге әскери сәлемдесу үшін команда берілмейді және баяндау жүзеге асырылмайды.

Сыныптық сабақтар өткізу кезінде «Тік тұр», «Тұр. Тік тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасы әрбір сабақ алдында және ол аяқталған кезде беріледі.

«Тік тұр», «Тұр. Тік тұр» немесе «Офицер мырзалар» командасы командирге (бастыққа) баяндау алдында, егер бұл ретте басқа да әскери қызметшілер қатысып отырған жағдайда беріледі, ал олар болмаған кезде командирге (бастыққа) тек баяндалады.

61. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (бұдан әрі – Мемлекеттік Әнұран) орындалған кезде сапта тұрған әскери қызметшілер командасыз саптық қалыпты қабылдайды, ал взвод және одан жоғары бөлімшелердің командирлері қолдарын бас киіміне апарады.

Саптан тыс тұрған әскери қызметшілер Мемлекеттік Әнұран орындалған кезде саптық қалыпты қабылдайды, оң қолының алақанын кеудесінің сол жағына (осы рәсімді орындауға кедергі келтіруі мүмкін қарумен және жабдықпен тұрған жағдайларды қоспағанда) қояды.

62. Әскери бөлімдер мен бөлімшелерге әскери сәлемдесуді орындау үшін:

әскери бөлімді немесе бөлімшені жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде, маршта, сондай-ақ тактикалық сабақтар мен оқу-жаттығуларда;

басқару пункттерінде, байланыс тораптарында және жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет атқару орындарында;

оқ ату (жіберу) уақытында атыс шебі мен атыс (бастапқы) бекінісінде;

ұшуларды жүргізу уақытында әуеайлақтарда;

құрылыс, шаруашылық жұмыстарын немесе оқу-жаттығу мақсатындағы жұмыстарды орындау уақытында, сондай-ақ шеберханаларда, парктерде, ангарларда, зертханаларда;

спорттық жарыстар мен ойындар барысында;

тамақ ішу кезінде, «Ұйқыға» белгісінен кейін және «Тұрыңдар» белгісіне дейін;

моншаларда және сырқаттарға арналған үй-жайларда команда берілмейді.

Санамаланған жағдайларда бастық немесе үлкен келген бастыққа тек баяндайды.

Мысалы: «Майор мырза, төртінші танк ротасы оқу-жаттығу оқ атуларының екінші жаттығуын орындауда. Рота командирі капитан Жотабаев».

Қаралы топқа қатысушы бөлімшелер әскери сәлемдесуді орындамайды.

63. Әскери бөлімде өткізілетін салтанатты жиналыстарда, конференцияларда, сондай-ақ спектакльдерде, концерттер мен кинода әскери сәлемдесу үшін команда берілмейді және командирге (бастыққа) баяндалмайды.

Жеке құрамның жалпы жиналыстарында әскери сәлемдесу үшін «Тік тұр» немесе «Тұр. Тік тұр» командасы беріледі және командирге (бастыққа) баяндалады.

Мысалы: «Подполковник мырза. Батальонның жеке құрамы жалпы жиналысқа келді. Батальон штабының бастығы майор Манабаев».

64. Бастықтың немесе үлкеннің «Сәлеметсіздер ме, жауынгерлер (офицер мырзалар)» деген сәлемдесуіне сапта немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер «Сәлеметсіз бе» деп жауап береді; егер бастық немесе үлкен «Сау болыңдар, жауынгерлер (офицер мырзалар)» деп қоштасса, онда әскери қызметшілер: «Сау болыңыз» деп жауап береді. Жауаптың соңына «мырза (ханым)» сөзі және әскер тегі немесе қызметі көрсетілмей, әскери атағы қосылады.

Мысалы: «Сәлеметсіз бе, кіші сержант мырза». «Сау болыңыз, бас старшина мырза», «Сау болыңыз, лейтенант мырза».

65. Егер командир (бастық) қызмет тәртібімен әскери қызметшіні құттықтаса немесе оған алғыс айтса, онда әскери қызметші командирге (бастыққа): «Қазақстан Республикасына қызмет етемін» деп жауап береді.

Егер командир (бастық) әскери бөлімді (бөлімшені) құттықтаса, ол созылыңқы түрде үш дүркін «Урамен» жауап береді, ал егер командир (бастық) алғыс айтса, әскери бөлім (бөлімше) «Қазақстан Республикасына қызмет етеміз» деп жауап береді.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 497 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы| Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)