Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бригада командирінің орынбасары

Скери қызметшілердің құқықтары | Скери қызметшілердің жалпы міндеттері | Скери қызмет қауіпсіздігі | Лкендер және кішілер | Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы | Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы | Скери сәлемдесу | Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері | Лауазымға кірісу тәртібі |


Читайте также:
  1. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  2. Батальон командирінің орынбасары
  3. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  4. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі
  5. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  6. Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары

93. Бригада командирінің орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыру және сапалы өткізу; оқу материалдық-техникалық базасын жасау, жабдықтау, оны ұдайы жетілдіру және ақаусыз жай-күйде ұстау; сыныптық мамандарды даярлау; спорттық, өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыстар; ішкі тәртіп пен жеке құрамның әскери тәртібін ұстау үшін жауап береді.

Ол бригада командиріне бағынады, оның бірінші орынбасары және барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады.

Бригада командирі болмағанда, ол оның міндеттерін орындайды.

Штатында бригада командирі орынбасарының лауазымы көзделмеген бригадаларда оның міндеттерін штаб бастығы орындайды.

94. Бригада командирінің орынбасары жауынгерлік даярлықтың тікелей ұйымдастырушысы болып табылады. Ол:

жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі жоспарларын әзірлеуге және орындауға қатысуға;

бригаданың жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге;

офицерлер және сержанттар құрамымен сабақтар, сондай-ақ бригаданың бөлімдерімен (бөлімшелерімен) оқу-жаттығу және бақылау сабақтарын өткізуге;

бөлімнің, рота және одан жоғары бөлімшенің әрбір офицерінің, сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, офицерлермен құқықтық, әскери тәрбие және педагогикалық машықтары мен кәсіптік даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;

дене дайындығы мен спорт жұмыстарына басшылық жасауға;

бригада бөлімдерінде (бөлімшелерінде) жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды және жай-күйін тексеруге, бөлімдер (бөлімшелер) командирлеріне анықталған кемшіліктерді жоюда, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде көмек көрсетуге;

сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жеке өзі өткізуге;

озық тәжірибені зерделеу, жинақтау және жауынгерлік оқуға енгізу жөніндегі жұмысқа басшылық жасауға;

сабақтар, оқ атулар мен оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелерін орындауды тексеруге, бригада жеке құрамының қаза табуы мен жарақаттануының алдын алу жөніндегі комиссия жұмысына басшылық жасауға;

оқу материалдық-техникалық базасының объектілерін жабдықтау және жетілдіру жөніндегі жұмыстарға, осы мақсаттар үшін қажет етілетін ақшалай қаражат есебін әзірлеуге, бригада бөлімшелерін жауынгерлік даярлық үшін арналған материалдық құралдармен, оқу және көрнекілік құралдарымен уақтылы қамтамасыз етуді, оларды есепке алуды және ұстауды бақылауға, оқу материалдық-техникалық базасының объектілерінде экономикалық жұмыстар жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және олардың орындалуын қамтамасыз етуге;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау, әскери оқу орындарына түсу, жоғары лауазымдарға ұсыну және курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;

әдістемелік жұмыстарға, сондай-ақ бригададағы өнертапқыштық және рационализаторлық жөніндегі комиссияға басшылық жасауға;

әскери (кеме) шаруашылығының жай-күйін білуге;

кемінде аптасына бір рет тәуліктік нарядтың даярлығын және олардың қызмет атқаруын, сондай-ақ бригадада және оның бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі) ішкі жарғылық тәртіпті сақтауды жеке өзі тексеруге;

полигондар мен атыс алаңдарын жарылмаған оқ-дәрілерден тазалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға міндетті.


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 103 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі| Бригада штабының бастығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)