Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Батальон командирінің орынбасары

Бригаданың дене дайындығы мен спорт бастығы | Бригаданың метрологиялық қызмет бастығы | Ызметінің бастығы | Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы | Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы | Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы | Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы | Орталығының (клубының) бастығы | Бригада сержанты | Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі |


Читайте также:
  1. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі
  2. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  3. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  4. Батальон сержанты
  5. Батальон штабының бастығы
  6. Батальон № 1: перспективы привлечения военнослужащих к участию в перевороте. См. Таблицу III

137. Батальон командирінің орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: батальонның жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру және сабақтарды сапалы өткізу; әскери тәртіп пен жарғылық ішкі тәртіпті ұстау; оқу материалдық-техникалық базасын ақаусыз жай-күйде ұстау, оны жетілдіру және оқыту кезінде дұрыс пайдалану; батальонда сыныптық мамандарды даярлау; спорттық жұмыс үшін жауап береді.

Ол батальон командиріне бағынады және батальонның барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады. Батальон командирі болмаған кезде ол оның міндеттерін атқарады.

Штатында батальон командирі орынбасарының лауазымы көзделмеген батальондарда оның міндеттерін штаб бастығы орындайды.

138. Батальон командирінің орынбасары:

батальонның жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге және орындалуын ұйымдастыруға;

офицерлермен және сержанттармен жауынгерлік және кәсіби даярлық бойынша көрсету, нұсқаулық-әдістемелік, бақылау сабақтарын, сондай-ақ батальон бөлімшелерімен тактикалық және атыс даярлығы бойынша сабақтарды, бақылау сабақтары мен оқу-жаттығуларды кезең-кезеңмен өткізуге;

сабақтарды, оқ атуларды, оқу-жаттығуларды жүргізу, қару-жарақты, әскери, басқа техниканы, зымырандарды пайдалану, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен және улы техникалық сұйықтармен жұмыс кезінде, сондай-ақ өртке қарсы іс-шараларды орындауда қауіпсіздік талаптарын ұйымдастыруға және орындалуына қол жеткізуге;

батальондағы дене дайындығына басшылық жасауға мен спорттық іс-шараларды өткізуге;

батальон бөлімшелерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды және барысын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдауға және бөлімше командирлеріне сабақтар ұйымдастыруда және өткізуде көмек көрсетуге;

батальонның әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие және педагогикалық машықтары мен кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;

әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, мамандықтар бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға қатысуға;

батальонда сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жеке өзі жүргізуге;

батальонның оқу материалдық-техникалық базасын ақаусыз жай-күйде ұстауға және жетілдіру жөнінде шаралар қолдануға және оны оқытуда дұрыс пайдалануға бақылауды жүзеге асыруға;

батальон бөлімшелерінде қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оқ-дәрілерді, жарақтар мен мүлікті ұстауды және сақтауды бақылауға, кемінде айына бір рет олардың болуын, жабдықталуын және жай-күйін, ал оқу-жаттығу және оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану топтарының барлық машиналарына – апта сайын ішінара тексеру жүргізуге;

батальонның бөлімшелерінде ішкі тәртіптің, әскери тәртіптің сақталуын тексеруге, тәуліктік нарядтың даярлығын және қызмет атқаруын бақылауға;

батальондағы өнертапқыштық және рационализаторлық жұмысқа басшылық жасауға міндетті.


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 173 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі| Батальон штабының бастығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)