Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі

Бригаданың қаржы қызметінің бастығы | Бригаданың дене дайындығы мен спорт бастығы | Бригаданың метрологиялық қызмет бастығы | Ызметінің бастығы | Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы | Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы | Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы | Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы | Орталығының (клубының) бастығы | Бригада сержанты |


Читайте также:
  1. Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі
  2. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  3. Батальон командирінің орынбасары
  4. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  5. Батальон сержанты
  6. Батальон штабының бастығы

135. Батальон (дивизион, эскадрилья, жеке рота, жеке батарея, 4-дәрежелі кемелер дивизионы) бұдан әрі – батальон, командирі бейбіт және соғыс уақытында: батальонның жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі (кеменің жауынгерлік әзірлігі) және олардың жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы; жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; батальондағы (кемедегі) ішкі тәртіпті ұстау; батальондағы (кемедегі) қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің, жанар, жағар май материалдарының және басқа да материалдық құралдардың сақталуы мен жай-күйі үшін жауап береді.

Батальон (кеме) командирі бригада (кемелер дивизионы) командиріне бағынады және батальонның (кеменің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

136. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі:

батальонның (кеменің) жеке құрамының жауынгерлік даярлығына және әскери тәрбиесіне басшылық жасауға, ал жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде батальонды (кемені) шебер басқаруға;

батальонның (кеменің) жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге және орындалуына басшылық жасауға;

батальон (кеме) штабымен және офицерлерімен сабақтар, батальон (кеме) бөлімшелермен оқу-жаттығулар мен бақылау сабақтарын өткізуге;

батальонның (кеменің) әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие, педагогикалық машықтарын, кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге;

әскери ұжымдарда әлеуметтік әділдікті, әскери қызметшілер арасындағы өзара сенімді орнатуға, бөлімшелерде кемшіліктерге, немқұрайлылық пен енжарлыққа төзбеушілік жағдайларын қалыптастыруға;

келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшін, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға;

лауазымдарға тағайындау, жоғары лауазымдарға ұсыну кезінде әскери қызметшілерді іріктеудің дұрыстығын тексеруге;

жарғылық ішкі тәртіпті ұстауға, батальон (кеме) орналасқан жерді күзетуді ұйымдастыруға және батальон (кеме) жеке құрамының қарауылдық және ішкі (кемеде – кезекшілік және вахталық) қызметтерді атқаруын тексеруге;

ай сайын жауынгерлік даярлық, әскери тәртіп, ішкі және қарауылдық қызметтердің жай-күйінің қорытындысын шығаруға;

батальон (кеме) бөлімшелерінде бар қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді және басқа да материалдық құралдарды білуге;

қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандарды, оқ-дәрілерді, басқа да материалдық құралдарды дұрыс пайдалануды, эвакуациялауды, жөндеуді, сақтауды және қызмет көрсетуді ұйымдастыруға және кемінде екі айда бір рет олардың болуын, жай-күйі мен есепке алынуын жеке өзі тексеруге (кеме командиріне кемінде екі айда бір рет кемені қарауды, кемінде айына бір рет оның қару-жарағын, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарын, күн сайын кемені қарап шығуды жүргізуге), тексеру нәтижелерін тексеру кітабында көрсетуге және олардың нәтижелері туралы бригада командиріне жазбаша баяндауға;

әскери және басқа техникалардың аварияларының, апаттарының, бұзылуларының алдын алу (кеменің төзімділігі мен оның жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету) жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен, зымырандармен, оқ-дәрілермен, қызмет жануарларымен жұмыс кезінде, сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

батальон үшін бөлінген барлық ғимараттар мен үй-жайларды ұстауға және дұрыс пайдалануға, батальонға бекітіліп берілген аумақ учаскесін, объектілерді, соның ішінде парк аумағының учаскесін, парк үй-жайларын (кемеде – тұрғын және қызметтік үй-жайларды тексеруге, кеме корпусының ақаусыз жай-күйін ұдайы бақылауды жүзеге асыруға) тазалықта ұстауды, батальондағы (кемедегі) өртке қарсы іс-шараларды өткізуді бақылауды жүзеге асыруға;

батальонның (кеменің) шаруашылығына басшылық жасауға;

батальон (кеме) бөлімшелерінде есепке алуды, есептілікті ұйымдастыруға және бақылауға міндетті.


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі| Батальон командирінің орынбасары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)