Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы

Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы | Бригаданың барлау бастығы | Бригаданың қызмет бастығы | Бригаданың медицина қызметінің бастығы | Бригаданың қаржы қызметінің бастығы | Бригаданың дене дайындығы мен спорт бастығы | Бригаданың метрологиялық қызмет бастығы | Ызметінің бастығы | Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы | Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы |


Читайте также:
  1. Бөлімінің бастығы
  2. Батальон штабының бастығы
  3. Білім беру қызметінің жиынтық субьектісі
  4. Бригада штабының бастығы
  5. Бригаданың қаржы қызметінің бастығы
  6. Бригаданың қызмет бастығы
  7. Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы

126. Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады және киім-кешек қызметі жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол: жабдықтау нормалары бойынша бригаданы киім-кешекпен және санитарлық-шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету, монша-кір жуу қызметін көрсету және бригаданың жеке құрамына киім-кешек пен аяқ киімді жеке шақтап пішу үшін жауап береді және:

киім-кешек қоймасы мен шеберхананың жұмысына басшылық жасауға, мүліктің ағымдағы жөндеуін ұйымдастыруға және оны сапалы және уақтылы орындауды бақылауға;

киім-кешек және санитарлық-шаруашылық мүлікті және алуды, сақтауды және бригада бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беруді, сондай-ақ табельдік бос уақытты мәдени өткізу, спорттық мүлік пен мүккәмалды сақтауды және бөлімге (бөлімшеге) беруді уақтылы талап етуге және ұйымдастыруға, оларды бөлімге (бөлімшеге) беру кезінде киім-кешек пен аяқ киімді жеке шақтап пішуді ұйымдастыруға;

әскери қызметшілердің барлық санаттарына киім-кешекті уақтылы беруді (тігуді) қамтамасыз етуге, сондай-ақ киім-кешек заттарын тігу сапасын бақылауға;

бригаданың киім-кешек мүлкін таңбалауды уақтылы ұйымдастыруға;

кемінде екі айда бір рет есептік деректерге сәйкес бригаданың бөлімшелеріндегі киім-кешек пен шаруашылық мүлкінің болуы мен жай-күйін, сондай-ақ тексеру актісін жасаумен оны сақтау жағдайын тексеруге;

қысқы маусым аяқталысымен қысқы киім-кешек заттары мен спорттық мүлікті бригада қоймасына тапсыруды бақылауға, оларға химиялық тазалауды, жөндеуді және бояуды жүргізуге;

жылына кемінде бір рет киім-кешек мүлкін іріктеуді жүргізуге;

бөлімше старшиналарымен рота шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыру, киім-кешек мүлкін сақтау, жөндеу және оны есепке алуды жүргізу жөнінде сабақтар өткізуге;

жаңа буынды қабылдау жөніндегі іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге қатысуға, медицина қызметінің бастығымен бірлесіп оны санитарлық өңдеуді ұйымдастыруға;

таңғы қарауларды жүргізуге кезең-кезеңімен қатысуға;

әскери қызметшілердің киім-кешек мүлкімен қамтамасыз етілуін тексеруге;

бригаданың қару-жарағына, әскери және басқа техникасына қызмет көрсету үшін бөлімшені ескі заттармен қамтамасыз етуге;

белгіленген санда жұмыс киімі мен ауыстыру қорының жинақталуын жүзеге асыруға;

бригада бөлімдерінің (бөлімшелерінің) тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелерін шаш қию және киім-кешек пен аяқ киімді жөндеуді жүргізуге арналған қажетті мүкәммалмен және аспаптармен қамтамасыз етуге;

бөлімдердің (бөлімшелердің) жеке құрамының апта сайын моншада жуынуын ұйымдастыруға, жуынатын күндері оны жуыну құралдарымен, сүртінетін орамалдармен, ауыстыратын іш киіммен және төсек-орынмен, орамалдармен, ұйықтармен және шұлғаулармен қамтамасыз етуге, монша бойынша кезекшіге нұсқама беруге;

іш киімді, төсек-орынды, орамалдарды, киім-кешек пен шұлғауларды уақтылы жууды ұйымдастыруға, жеке құрамға монша-кір жуу қызметін көрсету және кір жуу сапасын бақылауға;

техникалық құралдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын және киім-кешек қызметі объектілерінде санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 108 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы| Орталығының (клубының) бастығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)