Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы

Бригаданың артиллерия бастығы | Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы | Бригаданың барлау бастығы | Бригаданың қызмет бастығы | Бригаданың медицина қызметінің бастығы | Бригаданың қаржы қызметінің бастығы | Бригаданың дене дайындығы мен спорт бастығы | Бригаданың метрологиялық қызмет бастығы | Ызметінің бастығы | Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы |


Читайте также:
  1. Бөлімінің бастығы
  2. Батальон штабының бастығы
  3. Білім беру қызметінің жиынтық субьектісі
  4. Бригада штабының бастығы
  5. Бригаданың қаржы қызметінің бастығы
  6. Бригаданың қызмет бастығы
  7. Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы

 

125. Азық-түлік қызметінің бастығы бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасарына бағынады және азық-түлік қызметі жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады. Осы Жарғының 110-112-тармақтарында жазылғанға қосымша ол жеке құрам мен қызметтік жануарларды дұрыс сапалы және уақтылы тамақтануын ұйымдастыру, қызмет объектілерінің санитарлық жай-күйі үшін жауап береді және:

асханалардың, азық-түлік қоймалары мен ас үй жанындағы шаруашылықтардың жұмысына басшылық жасауға, сондай-ақ далалық жағдайларда тамақ дайындау және тасымалдау үшін арналған техникалық құралдардың, технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарының, асхана-ас үй ыдысының және қызметтің басқа да мүлкінің ақаусыз жай-күйіне және дұрыс пайдалануына бақылауды жүзеге асыруға; бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары болмағанда асханалар және қойма аймағы бойынша кезекшілерге нұсқамалар өткізуге;

қызметтің азық-түлігі мен мүлкі қорларын алуды және сақтауды уақтылы талап етуге және ұйымдастыруға, қоймадағы азық-түлікті уақтылы жаңалау және азық-түлік мүлкін бригаданың бөлімдеріне (бөлімшелеріне) беру үшін бақылауды жүзеге асыруға;

дұрыс сапалы тамақтануды қамтамасыз етуге және әрбір әскери қызметші мен қызметтік жануарға тиісті жабдықталым нормаларын толық жеткізуге, сондай-ақ жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, тәуліктік нарядтағы әскери қызметшілердің тамақтануын бақылауды жүзеге асыруға;

оқу-жаттығуларда, оқу орталықтарында және лагерьлерде әскери қызметшілердің, азаматтық персоналдың және қызметтік жануарлардың тамақтануын, сондай-ақ бригаданың медицина қызметінің бастығымен бірлесіп, жеке құрамның емдәмдік, қосымша тамақтануын және дайын тағамды профилактикалық витаминдеуді ұйымдастыруға;

айына кемінде бір рет аспаздардың бақылау-көрсету тамақ пісірулерін өткізуге;

бригаданың медицина қызметінің бастығымен, асханалар бастықтарымен және нұсқаушы-аспаздармен бірлесіп, апталық азық-түліктерді тарату мәзірін жасауға;

кемінде екі айда бір рет бригаданың бөлімдеріндегі (бөлімшелеріндегі), қоймаларындағы және басқа да қызмет объектілеріндегі азық-түліктің, техника мен қызмет мүлкінің болуын және сапалық жай-күйін тексеруге;

қызметтің техникалық құралдарын уақтылы жөндеуді және қызметтің салмақ өлшеу құралдарын таңбалауды жүзеге асыруға;

картоп пен көкөністерді маусымдық дайындауды және оларды қоймаларға салуды, сондай-ақ бригаданың қажеттілігі үшін шөп пен сабан дайындауды жүргізуге;

азық-түлікті сақтау және өңдеу, тағамды дайындау және ішу кезінде, азық-түлік қоймасын, асхана үй-жайларын және асханалық-ас үй ыдысын, сондай-ақ технологиялық, тоңазытқыш, механикалық емес жабдықтарды ұстауды және оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауда санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауды қамтамасыз етуге;

тағам қалдықтарын жинау және кәдеге жарату үшін құрылыстар салу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, бригада асханаларындағы қалдықтарды уақтылы жинау және оларды әкету жөнінде шаралар қолдануға міндетті.


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы| Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)