Читайте также: |
|
104. Бригаданың артиллерия бастығы бейбіт және соғыс уақытында: бригадалық артиллериялық бөлімдердің (бөлімшелердің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі; олардың жеке құрамының жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары, әскери тәрбиесі, тәртібі және моральдық-психологиялық жай-күйі; бригада жеке құрамының өз мамандығы бойынша даярлығы; штаттық және бригадаға берілген артиллериялық бөлімдерді (бөлімшелерді) жауынгерлік қолдану; оған тікелей бағынысты бөлімдерді (бөлімшелерді) қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен жабдықтау, олардың жай-күйі, өзіне тікелей бағынысты бөлімдерде (бөлімшелерде) олардың дұрыс пайдаланылуын мен жөндеулуі; өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасының жай-күйі үшін жауап береді.
Ол бригада командирге бағынады және бригадалық артиллериялық бөлімдер (бөлімшелер) жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.
105. Бригаданың артиллерия бастығы:
жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге қатысуға, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларының тиісті бөлімдерін әзірлеуге және олардың өз мамандығы бойынша орындалуын ұйымдастыруға;
артиллерияны жауынгерлік қолдануды жоспарлауға және оны шебер басқаруға;
бригадалық артиллериялық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарына, сондай-ақ батальондық артиллериялық бөлімшелерді өз мамандығы бойынша даярлауға басшылық жасауға;
офицерлер мен сержанттарды артиллерияны жауынгерлік қолдану бойынша даярлауды жүргізуге, артиллериялық бөлімдермен (бөлімшелермен) өз мамандығы бойынша оқу-жаттығулар мен сабақтар өткізуге;
бригаданың артиллериялық бөлімдерімен (бөлімшелерімен) ай сайын бақылау сабақтарын өткізуге;
артиллериялық бөлімдердің (бөлімшелердің) зеңбірек (есептоп, бөлімше) командирі және одан жоғары әрбір офицері мен сержантының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге;
бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) сыныптық мамандардың есебін, өсу болашағын жүргізуге, сыныптық біліктілігін арттыруға (растауға) сынақтар жүргізуде жеке өзі қатысуға;
әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға; жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, мамандығы бойынша курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;
бригаданың барлық артиллериялық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жай-күйін, жауынгерлік және оқ ату мүмкіндіктерін білуге; олардың жауынгерлік әзірлігін, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға;
артиллериялық бөлімдердің (бөлімшелердің) қару-жарағының, әскери және басқа техникасының қолда барын, жай-күйін білуге және жабдықтауға шаралар қабылдауға;
олардың ұдайы ақаусыздығын қамтамасыз ете отырып, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалануды және жөндеуді ұйымдастыруға; қару-жараққа, әскери және басқа техникаға, зымырандар мен оқ-дәрілерге регламенттеу жұмыстарын жүргізу және техникалық қызмет көрсету жоспарын жасауға, сондай-ақ бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) оның уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
бағыныстыларға оқ атулар, оқу-жаттығулар, сабақтар жүргізу және қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен, аспаптармен және оқ-дәрілермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге және олардың орындалуына қол жеткізуге;
өз мамандығы бойынша оқу материалдық-техникалық базасын жабдықтауға басшылық жасауға;
бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, зымырандар мен оқ-дәрілерді пайдалану, сақтау және қызмет көрсету кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
кемінде жылына екі рет бригаданың артиллериялық бөлімдерінде (бөлімшелерінде) барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілердің техникалық жай-күйін, жабдықталуы мен есепке алынуын және оларды сақтау тәртібін тексеруге;
формулярлардың (паспорттардың), техникалық құжаттаманың болуына және уақтылы жүргізілуіне, сондай-ақ олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
артиллериялық бөлімдерде (бөлімшелерде) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне жоспарлы және кенеттен тексерулер жүргізуге;
жоғарғы тұрған штабтарға белгіленген жеткізілімдер мен есептерді уақтылы ұсынуды ұйымдастыруға міндетті.
Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 110 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары | | | Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы |