Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі

Жалпы ережелер | Скери қызметшілердің құқықтары | Скери қызметшілердің жалпы міндеттері | Скери қызмет қауіпсіздігі | Лкендер және кішілер | Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы | Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы | Скери сәлемдесу | Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері |


Читайте также:
  1. Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі
  2. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі
  3. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  4. Батальон командирінің орынбасары
  5. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  6. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

90. Бригада командирі (полк, шекара жасағының, авиациялық базаның және оларға теңестірілгендердің, бұдан әрі – бригада (кеме) бейбіт және соғыс уақытында:

жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары, жеке құрамның әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі және әскери қызмет қауіпсіздігі;

Жауынгерлік Тудың, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, оқ-дәрілердің, жанар және жағар май материалдарының және басқа да материалдық құралдардың жай-күйі мен сақталуы; бригаданың (кеменің) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы;

жарғылық ішкі тәртіп және әскерлер қызметінің жай-күйі;

әскери объектілердің, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі мен сақталуы; барлық жауынгерлік, тылдық және техникалық қамтамасыз ету түрлері;

шарттық және талап-арыз жұмысы;

әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғау үшін жауап береді.

Бригада (кеме) командирі бригаданың (кеменің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

91. Бригада (кеме) командирі:

бригаданың (кеменің) жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететіндей жай-күйде ұстауға;

жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің іс-шараларын жоспарлауға және өткізуге, жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтары жоспарларын әзірлеуге және олардың орындалуын бақылауға басшылық жасауға; бригаданың (кеменің) мақсатын білуге және оны кез келген жағдайда шебер басқаруға;

бөлімдермен (бөлімшелермен) оқу-жаттығулар өткізуге, бригада штабының даярлығын жүргізуге, бөлімдер (бөлімшелер) командирлерімен, олардың орынбасарларымен, әскер тектері мен бригада қызметтерінің бастықтарымен (кемеде – жауынгерлік бөлімдер командирлерімен, көмекшілерімен, орынбасарларымен және қызметтер бастықтарымен) сабақтар, сондай-ақ бригада (кеме) бөлімдерімен (бөлімшелерімен) сабақтар өткізуге;

күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін белгілеуге, ішкі тәртіпті сақтауды талап етуге, орындалатын міндеттер мен сабақтар кестесін ескере отырып, жеке құрамның киім нысанын айқындауға;

бөлімнің, рота және одан жоғары бөлімшенің әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, атын, әкесінің атын, атқаратын лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге; офицерлермен құқықтық, әскери тәрбие, педагогикалық дағдыларын, кәсіби даярлығын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;

бригададағы (кемедегі) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етумен істердің нақты жай-күйін білуге, құпия ақпараттың жария болуы мүмкін болатын арналарды анықтау және жабу жөніндегі ұдайы жұмысты ұйымдастыруға;

жаңадан келген буынды бөлімшелер (командалар, жауынгерлік бөлімдер) бойынша бөлуге басшылық жасауға және оған әскери ант қабылдатуға;

кадрларды іріктеуге және орналастыруға басшылық жасауға;

бригаданы келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыруға және жүргізуге;

әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу, жоғары лауазымдарға ұсыну үшін кандидаттарды айқындауға, бұл ретте әскери ұжымның пікірін, тұрақты әрекеттегі аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын ескеруге;

әскери қызметшілердің тұрмысын жақсарту, олардың денсаулығын сақтау және нығайту жөніндегі шараларды қабылдауға, бір аптаға азық-түліктерді тарату мәзірін қарауға және бекітуге, тамақ берудің сапасына және толықтығына күн сайынғы бақылауды жүзеге асыруға, апта сайын тамақ дайындау сапасын жеке өзі тексеруге;

белгіленген қорларды ұстау, қару-жарақты, әскери және басқа техника мен басқа да материалдық құралдарды сақтау, ақаусыз жай-күйде ұстау және дұрыс пайдалану жөніндегі шараларды қабылдауға, олардың болуын, жай-күйі мен жауынгерлік әзірлігін жиі тексеруге; кемінде жылына екі рет барлық қару-жарақты, әскери және басқа техниканы тексеруді жүргізуге, тексеру нәтижелерін бригада бойынша бұйрықта жариялауға (кеме командирі екі айда кемінде бір рет кемені тексеруді, кемінде айына бір рет – оның қару-жарағын, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарын тексеруді, күн сайын кемені аралап шығуды жүргізуге);

құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауға, ал олар жасалған жағдайда аға командирге (бастыққа) баяндауға, құқық қорғау органдарын жасалған қылмыстар туралы хабардар етуге, қызметтік тексеру жүргізуге;

адамдардың қаза табуы мен мертігуіне немесе өзге де ауыр cалдарларға әкеп соқтырған аварияларды, апаттарды және басқа да оқиғаларды тексеруге, сондай-ақ жалпыәскери жарғылармен айқындалған әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерінің бұзылу жағдайларын тексеруге жеке өзі қатысуға;

бағыныстыларға қару-жарақпен, әскери және басқа техникамен және оқ-дәрілермен, қызметтік жануарлармен жұмыс кезінде, сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын уақтылы жеткізуге, ал қажет жағдайларда белгілеуді және оның орындалуын бақылауды жүзеге асыруға (кеме командирі, одан басқа, кеменің төзімділігі мен оның жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға);

аумақтық және азаматтық қорғаныс ерекшеліктерін ескере отырып, бригаданың (кеменің) жеке құрамын, қару-жарағын, әскери және басқа техникасы мен басқа да материалдық құралдарын жаппай қырып-жою қаруының зақымдаушы факторлары мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

бригаданың (кеменің) қажеттіліктерін, қаржылық, шарттық, талап-арыз жұмыстарын, шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты жоспарлауға басшылық жасауға; материалдық және ақшалай қаражатты уақтылы игеру, заңды, мақсатты, тиімді және үнемді жұмсау жөнінде шаралар қабылдауға;

бригаданың қызметтік-тұрғын үй қорын, коммуналдық ғимараттары мен жер телімдерін ұстауға және дұрыс пайдалануға (кемеде – тұрғын және қызметтік үй-жайларды тексеруге, кеме корпусының ақаусыз жай-күйін ұдайы қадағалауға), сондай-ақ өртке қарсы қорғаныстың жай-күйіне бақылауды жүзеге асыруға. Жылына кемінде екі рет әскери объектілерді, ғимараттарды, құрылыстарды және жер телімдерін тексеруді жүргізуге, тексерудің нәтижелерін актілерде көрсетуге және бригада (кеме) бойынша бұйрықта жариялауға;

бригада (кеме) орналасқан жердің күзетін ұйымдастыруға;

қарауылдық және ішкі (кемеде – кезекшілік және вахталық) қызметтерді бақылауды жүзеге асыруға, оларды атқаруды жеке өзі тексеруге және ұйымдастыруға;

машиналардың (командалардың, лектердің) жетекшілеріне гарнизоннан тыс рейстерге кетер алдында нұсқама беруге;

жеке өзі лауазымды адамдарды және комиссияларды тартумен қызметтер бойынша әскери мүліктің, сондай-ақ ақшалай сомалар мен құндылықтардың болуына жоспарлы және кенеттен тексерулер жүргізуге; мемлекетке келтірілген материалдық зиянды анықтаған кезде қызметтік тексеру тағайындауға және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы шешімді уақтылы қабылдауға;

әскери ұжымдарда жариялылық, әлеуметтік әділдік, әскери қызметшілер арасында өзара сенім орнатуға, бөлімшелерде кемшіліктерге, селқостық пен енжарлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыруға;

офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жыл сайынғы демалысының графигін және ай сайын қызмет нарядтарының кестесін бекітуге және оларды орындауды бақылауды жүзеге асыруға;

жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарының, әскери тәртіп пен ішкі тәртіптің жай-күйін талдауға, сондай-ақ кемінде айына бір рет тәуліктік нарядтың қызмет атқаруын қорытындылауға және оларды жақсарту жөнінде шаралар қабылдауға;

Қазақстан Республикасының Президентін, тікелей бастықтарды, армия генералдарын, генерал-полковниктерді, адмиралдарды және инспекциялау (тексеру) жүргізуге басшылық жасау үшін тағайындалған адамдарды осы Жарғымен айқындалған тәртіппен қарсы алуға, баяндауға және бригада орналасқан жер бойынша (кемені қарап шыққан кезде) ілесіп жүруге;

темір жол (әуе, теңіз, өзен) көлігімен келіп жеткен материалдық құралдарды уақтылы түсіруді және әкетуді ұйымдастыруға;

бригаданың (кеменің) жауынгерлік даярлық іс-шараларын жүргізу кезінде және күнделікті қызметінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөнінде шараларды қабылдауға;

кемінде айына бір рет әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персонал адамдарын жеке мәселелері бойынша қабылдауға;

жоғары тұрған штабтарға және жабдықталым органдарына белгіленген жеткізілімдер мен есептерді ұсынуды, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен шақыру бойынша офицерлердің істер мен лауазымды уақтылы қабылдауын (тапсыруын) бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

92. Бригада (кеме) командирі әрбір оқу кезеңі басталар алдында жалпыәскери жарғылардың оған регламенттеу құқығы берілген ережелерін орындау тәртібін айқындаумен жазбаша бұйрық береді (10-қосымша).

Одан басқа, бригада (кеме) командирі саптық бөлім бойынша белгіленген мерзімде, сондай-ақ қажеттілігіне қарай жауынгерлік даярлық бойынша, жеке тыл, техникалық бөлім және басқа да мәселелер бойынша жазбаша бұйрықтар шығарады.

Тыл, техникалық бөлім бойынша бұйрықтарға бригада (кеме) командирі, тиісінше оның тыл жөніндегі орынбасары немесе қару-жарақ жөніндегі орынбасары қол қояды.

Саптық бөлім, жауынгерлік даярлық және басқа да мәселелер бойынша бұйрықтарға командир және бригада штабының (кеменің) бастығы қол қояды.

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 100 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лауазымға кірісу тәртібі| Бригада командирінің орынбасары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)