Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Скери қызмет қауіпсіздігі

Жалпы ережелер | Скери қызметшілердің құқықтары | Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы | Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы | Скери сәлемдесу | Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері | Лауазымға кірісу тәртібі | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі | Бригада командирінің орынбасары |


Читайте также:
  1. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  2. Білім беру қызметінің жиынтық субьектісі
  3. Бригаданың қаржы қызметінің бастығы
  4. Бригаданың қызмет бастығы
  5. Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы
  6. Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы
  7. Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы

23. Әскери қызмет қауіпсіздігі әскери қызмет өткеру процесінде әскери қызметшілерге зиянды және қауіпті әсерді болдырмайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген әскери қызметшінің қорғалу жай-күйі болып табылады.

24. Командирлер (бастықтар) әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.

25. Әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына:

әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нормаларды әзірлеу және қабылдау;

қайғылы оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай жүйесін белгілеу;

әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, бұйрықтар талаптарын сақтауды бақылау жатады.

26. Әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы негізгі принциптер:

қызметтік іс-қимыл нәтижелеріне қатысты әскери қызметшінің өмірі мен денсаулығының артықшылығы;

нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы әскери қызмет қауіпсіздігі саласындағы бірыңғай талаптарды белгілеу;

әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйі туралы ақпараттың жариялылығы, толықтығы және анықтығы болып табылады.

27. Әскери қызмет қауіпсіздігі жөніндегі талаптар барлық әскери қызметшілердің, олардың әскери қызмет өткеру кезеңінде орындауы үшін міндетті.

28. Әскери қызметші:

әскери қызмет қауіпсіздігі жөніндегі нормалар, ережелер мен нұсқаулықтар, бұйрықтар талаптарын, сондай-ақ командирдің (бастықтың) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі талаптарын сақтауға;

адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей бастығына дереу хабарлауға;

нормативтік актілермен көзделген жағдайларда міндетті кезеңдік медициналық қараулардан және куәландырудан өтуге;

арнайы киімді, жеке және ұжымдық қорғау құралдарын арналуы бойынша пайдалануға міндетті.

29. Командирдің:

өз өкілеттіліктері шегінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер шығаруға;

әскери қызметшілерден қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды талап етуге;

әскери қызметшілерді қызметтің қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі рационализаторлық ұсыныстары үшін көтермелеуге;

әскери қызмет қауіпсіздігі талаптарын бұзған әскери қызметшілерге шаралар қолдануға құқығы бар.

30. Командир:

әскери қызметтің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге;

қойылған міндеттерді орындау кезеңінде мүмкін болатын зиянды факторлар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге;

әскери қызметшілерді ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес әскери қызмет өткеру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде оқытуды және даярлауды жүргізуге;

бағынысты әскери қызметшілерді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға және арнайы киімді, аяқ киімді және зиянды (қауіпті) өндіріс факторларынан жеке (ұжымдық) қорғау құралдарын, оларды киюдің белгіленген мерзімінде арналуы бойынша пайдалануды, жөндеуді бақылауды жүзеге асыруға;

қойылған міндеттерді орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге жауапты әскери қызметшілермен және мамандармен әскери қызмет қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқамаларды, сабақтарды, оның ішінде көрнекі сабақтарды және білімін тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;

әскери қызметшілерді міндетті кезеңдік медициналық қараулар мен медициналық куәландырудан өткізуді қамтамасыз етуге;

әскери қызметшілерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, белгіленген нормаларға сәйкес профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен, медициналық аптечкалармен, сүтпен, емдеу-алдын алу тағаммен қамтамасыз етуге;

жоғары тұрған әскери басқару органына әскери қызмет қауіпсіздігінің жай-күйі туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;

қайғылы оқиғалар мен кәсіби ауруларды тіркеуді, есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;

қайғылы оқиғаларға қызметтік тексеру тағайындауға және жүргізуге;

тергеу басталғанға дейін қайғылы оқиғаның орнын, жағдайды, егер бұл басқа да адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмесе, апаттық жағдай тудыруға әкеп соқтырмаса, ол оқиға болған сәтте қандай болды, сол күйде сақтау жөнінде шаралар, ал оны сақтау мүмкін болмаған жағдайда қалыптасқан жағдайды тіркеу жөнінде шаралар (схемалар жасауға, бұл ретте фото және бейне түсірілімдерді пайдалануға) қабылдауға;

жоғары тұрған әскери басқару органына қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі топтық (екі және одан да көп адам) қайғылы оқиға, ауыр қайғылы оқиға не өлімге әкеп соқтырған қайғылы оқиға және қатты улану оқиғалары туралы дереу баяндауға міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 199 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Скери қызметшілердің жалпы міндеттері| Лкендер және кішілер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)