Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы

Жалпы ережелер | Скери қызметшілердің құқықтары | Скери қызметшілердің жалпы міндеттері | Скери қызмет қауіпсіздігі | Скери сәлемдесу | Командирлерге (бастықтарға) және инспекциялау (тексеру) үшін келген адамдарға таныстыру тәртібі | Командирлердің (бастықтардың) жалпы міндеттері | Лауазымға кірісу тәртібі | Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі | Бригада командирінің орынбасары |


Читайте также:
  1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
  2. Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы
  3. Бақылау
  4. Бақылау
  5. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші
  6. Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі

42. Бұйрық – бұл командирдің (бастықтың) қызмет бойынша қандай да бір іс-қимылды орындау немесе тоқтату туралы талабы.

Бұйрық әскери қызметшілердің біреуіне немесе тобына жазбаша, ауызша немесе байланыстың техникалық құралдары арқылы берілуі мүмкін.

Жазбаша бұйрық әскери бөлімдер командирлерінің дара басшылық құқықтарында шығарылатын әскери басқарудың негізгі қызметтік басқару құжаты (құқықтық актісі) болып табылады. Жазбаша бұйрықтар беру құқығын әскери бөлім командирі және одан жоғары командирлер (бастықтар) пайдаланады.

Ауызша бұйрықтарды барлық командирлер (бастықтар) береді.

43. Өкім – бағыныстыларға міндеттерді жеткізу нысаны.

Бұйырым – жеке мәселелер бойынша бағыныстыларға міндеттерді жеткізу нысаны.

Өкім мен бұйырымды әскери бөлім командирі атынан бөлімнің штаб бастығы немесе гарнизон бастығы атынан гарнизонның штаб бастығы ауызша жеткізеді, сондай-ақ жазбаша құжаттарда болуы мүмкін.

44. Командир (бастық) бұйрық берер алдында жағдайды жан-жақты бағалауға және оны орындауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Кейіннен командир (бастық) оның орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Командир берілген бұйрыққа және оның салдарларына, бұйрықтың заңнамаға сәйкес келуіне, сондай-ақ билікті асыра пайдаланғаны және берілген бұйрықтағы билікті немесе қызметтік өкілетіліктерін асыра пайдаланғаны үшін және оны орындау жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін жауаптылықта болады. Бұйрық қысқа және түсінікті жазылуы, екіұдай түсінуге жол бермеуі және бағыныстының күдігін тудырмауы тиіс.

45. Бұйрықтар бағыныстылық тәртібімен беріледі. Ерекше қажет болғанда үлкен бастық оның тікелей бастығын жанай, бағыныстыға бұйрық бере алады. Бұндай жағдайда ол бағыныстының тікелей бастығына бұл туралы хабарлайды, ал бағынысты өзінің тікелей бастығына баяндайды.

46. Командирдің (бастықтың) бұйрығы мүлтіксіз, тура және мерзімінде орындалуы тиіс. Әскери қызметші бұйрықты алып «Құп болады» деп жауап береді, одан кейін оны орындайды.

Қажет кезде командир (бастық) өзінің берген бұйрығын дұрыс түсінгеніне көз жеткізу үшін оны қысқаша қайталауды талап ете, ал бұйрықты алған әскери қызметші командирге (бастыққа) оны қайталауды сұрап өтініш жасай алады.

Алынған бұйрықтың орындалуы туралы әскери қызметші бұйрық берген бастыққа және өзінің тікелей бастығына баяндауға міндетті.

47. Егер бұйрықты орындаушы әскери қызметші қызмет жағдайы бойынша басқа үлкен бастықтан жаңа бұйрық алып, оны орындауға бірінші бұйрық кедергі жасаса, ол бұл туралы екінші бұйрық берген бастыққа баяндайды және ол қолдаған жағдайда соңғысын орындайды.

Жаңа бұйрық беруші бірінші бұйрықты берген бастыққа бұл туралы хабарлауға міндетті.

Командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарына шағымдану оларды орындауды тоқтатпайды. Бағынысты алынған бұйрыққа оны орындағаннан және бұйрық берген адамға баяндағаннан кейін шағымдануға құқылы. Бағынысты командирдің (бастықтың) көрінеу заңсыз берілген бұйрығын, егер ол заңнамаға анық қайшы келсе, орындамауы тиіс. Алынған бұйрықты орындау мүмкін болмаған жағдайда бағынысты бұл туралы себептерін көрсете отырып, командирге (бастыққа) баяндауға міндетті.

48. Әскери қызметші оған қойылған міндеттерді табысты орындау мақсатында дұрыс бастама танытуға міндетті. Ол, әсіресе жағдай әскери қызметшінің алынған міндетті орындау мүддесінде тез іс-қимыл жасауын талап еткенде қажет.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 571 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лкендер және кішілер| Скери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез-құлқы туралы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)