Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

Ызметінің бастығы | Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы | Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы | Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы | Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы | Орталығының (клубының) бастығы | Бригада сержанты | Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі | Батальон командирінің орынбасары |


Читайте также:
  1. Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет.
  2. Ауіптілікті идентификациялау жөніндегі білімдерін қалыптастыру
  3. Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы
  4. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  5. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі
  6. Батальон командирінің орынбасары

141. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: батальондағы (кемедегі) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастыру және жай-күйі, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін және батальондағы (кемедегі) әскери тәртіпті нығайту жөнінде өткізілетін іс-шаралардың тиімділігі; жауынгерлік даярлық міндеттерін шешуде, батальонның ұдайы жауынгерлік әзірлігін ұстауда және жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде тәрбие жұмысының пәрменділігі үшін жауап береді.

Ол батальон (кеме) командиріне бағынады және батальонның (3-дәрежелі кеменің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

142. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

батальонның жауынгерлік даярлығы жоспарын әзірлеуге және орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі іс-шараларын орындауға қатысуға;

оны батальонның (кеменің) жауынгерлік даярлық міндеттерін табысты шешуіне, жауынгерлік әзірлігін ұдайы ұстауға, жауынгерлік міндеттерді орындауға, дара басшылықты құқықтық негізде нығайтуға бағыттай отырып, тәрбие жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға және жүргізуге;

жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік, қарауылдық және ішкі (кемеде – кезекшілік және вахталық) қызметтер міндеттерін орындау жөніндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге;

бөлімшелердің белсенділерін іріктеуді, орналастыруды, тәрбиелеуді және оқытуды ұйымдастыруға, ақпараттық-тәрбие жұмыстары, қабырға баспасөзі редакциясы алқасы бөлмелерінің жұмысын бақылауға;

әскери қызметшілердің бойында жоғары қырағылық, мемлекеттік құпияларды қатаң сақтау ұғымын, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы игеруге және ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті сақтауға жеке жауаптылық сезімін тәрбиелеуге;

батальон (кеме) бөлімшелерінде жарысты ұйымдастыру және жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің озық тәржірибесін насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға, олардың бойындағы бастама мен белсенділікті дамытуға;

батальонның (кеменің) жеке құрамын Қазақстан Республикасының халқына және Президентіне адалдық, ұлтаралық келісім, қазақстандық патриотизм, заңдарды сақтау, әскери борышына және әскери антқа адал болу, жалпыәскери жарғылар мен командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарының талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүргізуге;

әскери ұжымдарды топтастыру, әскери дәстүрлерді, достық пен жауынгерлік жолдастықты ұстау және дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуге;

әскери қызметшілерге мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, әскери-саяси жағдайды түсіндіруге және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүддесін қорғауға ұдайы әзірлікке тәрбиелеуге;

жеке құрамды ақпараттандыруды, мемлекеттік-құқықтық даярлық жоспарлары бойынша әскери қызметшілермен сабақтар өткізуді ұйымдастыруға және өткізуге;

офицерлердің іскерлік қасиеттерін зерделеуге және қалыптастыруға, батальонның (кеменің) әрбір офицері мен сержантының (старшинасының) іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымын, отбасы жағдайын білуге, олармен құқықтық, әскери, адамгершілік тәрбие және педагогикалық машықтары жөніндегі жұмыстарды ұдайы жүргізуге;

бөлімше офицерлері мен сержанттарын оқытуға және бағыныстылармен жеке тәрбие жұмысын ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсетуге;

әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары лауазымдарға, келісімшарт бойынша әскери қызметке ұсыну және әскери оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;

әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, жеке құрамның арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, әскери ұжымдарды топтастыру, әскери қызмет қауіпсіздігі жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге;

әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне қатысты әлеуметтік әділдік принциптерін сақтауды қамтамасыз етуге, олардың мұқтаждықтары мен сұраныстарын білуге, олардың ұсыныстары мен өтініштерін шешу жөнінде шаралар қабылдауға;

батальонның жеке құрамының денсаулығы, тамақтануы, материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы қамқорлық көрсетуге;

жеке құрамның бос уақытын мәдени өткізуін ұйымдастыруға, батальонды мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға;

техникалық тәрбиелеу құралдарын және тәрбие жұмысының мүлкін дұрыс пайдалануды, сақтауды ұйымдастыруға;

батальон (кеме) командиріне және бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарына жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі, өткізілген тәрбиелік іс-шаралар, батальондағы әлеуметтік-құқықтық жұмыстар мен әскери тәртіптің жай-күйі туралы күн сайын баяндауға міндетті.

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 209 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Батальон штабының бастығы| Техникалық бөлім) орынбасары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)