Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орталығының (клубының) бастығы

Бригаданың барлау бастығы | Бригаданың қызмет бастығы | Бригаданың медицина қызметінің бастығы | Бригаданың қаржы қызметінің бастығы | Бригаданың дене дайындығы мен спорт бастығы | Бригаданың метрологиялық қызмет бастығы | Ызметінің бастығы | Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы | Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы | Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы |


Читайте также:
  1. Бөлімінің бастығы
  2. Батальон штабының бастығы
  3. Бригада штабының бастығы
  4. Бригаданың қаржы қызметінің бастығы
  5. Бригаданың қызмет бастығы
  6. Бригаданың әуе шабуылына қарсы қорғаныс бастығы
  7. Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы

127. Бригаданың бос уақытты мәдени өткізу орталығының (клубының) бастығы: бос уақытты мәдени өткізу орталығы (клуб) мен кітапхананы ұстау және жұмысын ұйымдастыру; техникалық тәрбиелеу құралдарын, мәдени-ағарту мүлкі мен кітап қорын дұрыс пайдалану мен сақтау; бос уақытты мәдени өткізу орталығы (клуб) мен кітапхана үй-жайының, жабдығының сақталуы; олардағы пайдалану ережелері мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін жауап береді.

Ол бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарына бағынады.

128. Бос уақытты мәдени өткізу орталығының (клуб) бастығы:

бос уақытты мәдени өткізу орталығы (клуб) мен кітапхананың мәдени-ағарту жұмысын бригаданың жауынгерлік даярлық міндеттеріне сәйкес ұйымдастыруға;

бөлімдерде бос уақытты мәдени өткізу жұмыстарын өткізуге қатысуға, техникалық тәрбиелеу құралдары мен бос уақытты мәдени өткізу мүлкін тиімді қолдануды және пайдалануды қамтамасыз етуге;

бос уақытты мәдени өткізу жұмыстары іс-шараларының жоспарын және өткізудің жоспар-сценарийін әзірлеуге;

әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің көркемөнер шығармашылығы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, олардың бойында жоғары эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға;

кітапхананың жұмысына басшылық жасауға, кітап қорын дұрыс толықтыруды және пайдалануды қадалауға;

газеттер мен журналдарға жазылуды жүзеге асыруға;

бригада аумағындағы, сондай-ақ бөлімшелердегі оған бекітіліп берілген оқу материалдық-техникалық базасы объектілерін, көрнекі үгіт-насихатпен ресімдеуге қатысуға;

кемінде тоқсанына бір рет бөлімшелерге бөлінген техникалық тәрбиелеу құралдары мен бос уақытты мәдени өткізу мүлкінің жай-күйін тексеруге, олардың сапалы сақталуын, пайдаланылуын және уақтылы жөнделуін қамтамасыз етуге;

бос уақытты мәдени өткізу орталығында (клубта) мүлікті техникалық пайдалану ережелерін және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;

бригаданың бөлімшелері мен бос уақытты мәдени өткізу орталығын (клубын) техникалық тәрбиелеу құралдарымен және мәдени-ағарту мүлкімен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;

бригаданың қаржы органының бастығымен бірлесіп, шығыстар тізбесіне сәйкес бос уақытты мәдени өткізу орталығының сметасын жасауға;

бригаданың бос уақытты мәдени өткізу орталығының (клубының) техникалық тәрбиелеу құралдары мен мәдени-ағарту мүлкі бойынша есебін мен есептілігін жүргізуге міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 90 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы| Бригада сержанты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)