Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бригада сержанты

Бригаданың қызмет бастығы | Бригаданың медицина қызметінің бастығы | Бригаданың қаржы қызметінің бастығы | Бригаданың дене дайындығы мен спорт бастығы | Бригаданың метрологиялық қызмет бастығы | Ызметінің бастығы | Бригаданың автомобиль қызметінің бастығы | Бригаданың жанар және жағар май материалдары қызметінің бастығы | Бригаданың азық-түлік қызметінің бастығы | Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы |


Читайте также:
  1. Батальон сержанты
  2. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі
  3. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  4. Бригада командирінің орынбасары
  5. Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары
  6. Бригада штабының бастығы

129. Бригада сержанты бейбіт және соғыс уақытында: бригада сержанттарын оқыту, әскери тәрбиесі, тәртібі, моральдық-психологиялық жай-күйі; олармен жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды ұйымдастыру және өткізу сапасы; олардың кәсіби даярлық деңгейі үшін жауап береді.

Ол бригада командиріне, ал бригаданың сержанттарымен жұмыс мәселелері бойынша әскерлер түрі, тегі (өңірлік қолбасшылық) сержантына бағынады және бригаданың барлық сержанттары мен қатардағы жауынгерлер құрамының тікелей бастығы болып табылады.

Жеке батальондар сержанттары бригада сержантына сәйкес міндеттерін орындайды.

130. Бригада сержанты:

жауынгерлік даярлық жөніндегі басшылық құжаттарды білуге, бағыныстылардан олардың орындалуын талап етуге, жауынгерлік даярлық жоспарын әзірлеуге қатысуға және бригада сержанттарының кәсіби даярлығы есебін жүргізуге;

ай сайын бригада сержанттарының қызметтік іс-әрекетінің қорытындысын шығаруға;

роталар мен батальондар (жеке бөлімшелер) сержанттарымен көрсету, нұсқаулық-әдістемелік, практикалық және бақылау сабақтарын өткізуге;

взвод және одан жоғары әрбір сержанттың тегін, атын, жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейінгі айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін білуге;

бригада бөлімдерінің (бөлімшелерінің) сержанттарына жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар өткізуде көмек көрсетуге және олардың өткізілуін бақылауға;

жаңадан келген сержанттарды қабылдау, бөлу және барлық жабдықталым түрлерімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, олардың қалыптасуына көмек көрсетуге;

бригаданың материалдық бөлімін, негізгі қару-жарағын, әскери және басқа техникасын пайдалану ережелерін білуге; бригаданың оқу-жаттығу жауынгерлік пайдалану тобының машиналарына техникалық қызмет көрсетуді кезең-кезеңімен бақылауға;

бригаданың оқу материалдық-техникалық базасын жетілдіруге шаралар қабылдауға; бөлімдерде (бөлімшелерде) жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыруға;

бригаданың сарбаздары мен сержанттарынан әскери тәртіпті, күн тәртібін, қызмет уақытының регламентін сақтауды талап етуге, бригада командиріне әскери тәртіптің бұзылғандығы туралы, сондай-ақ бригада сарбаздары мен сержанттарына қолданылған көтермелеулер мен салынған тәртіптік жазалар туралы дереу баяндауға;

бригада сарбаздары мен сержанттарының сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар мен жұмыстар жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылауға;

бригада бөлімдерінде (бөлімшелерінде) таңертеңгі дене жаттығуына, таңертеңгі тексерулер мен кешкі тексерулерге кезең-кезеңмен қатысуға және өткізілуін бақылауға;

бригада командирінің нұсқауы бойынша кемінде аптасына бір рет бригада бөлімдерінде (бөлімшелерінде) сарбаздар мен сержанттардың жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта қызмет атқаруын тексеруге;

бригададағы спорт жұмысын өткізуге қатысуға;

бригада сарбаздары мен сержанттарына кезекті әскери атақтар, сыныптық біліктіліктер беру, оларды жоғары лауазымдарға ұсыну, әскери оқу орындарына және курстық даярлыққа жіберу жөніндегі, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды сапалы іріктеу жөніндегі жұмыстарға қатысуға міндетті.

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 122 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Орталығының (клубының) бастығы| Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)