Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқу-жаттығу сабақтары

Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі | Тарау. Ішкі тәртіп | Жалпы ережелер | Й-жайларды ұстау | Й-жайларды жылыту | Елді мекендерде орналастыру | Ртке қарсы қорғаныс | Оршаған ортаны қорғау | Жалпы ережелер | Күн тәртібі, қызмет уақытының регламенті |


Читайте также:
  1. Оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ішкі тәртіп

257. Жауынгерлік даярлық бейбіт уақытта әскери қызметшілердің күнделікті қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Қазіргі заманғы ұрыста әскери қызметшілердің іс-қимыл тәсілдерін меңгеру мақсатындағы сабақтар мен оқу-жаттығулар жеңіл және қарапайым өткізілмеуі тиіс.

Оқу сабақтары мен оқу-жаттығуларда бөлімнің барлық жеке құрамы қатысуы тиіс. Сабақтан жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, тәуліктік нарядтағы адамдар, сырқаттанғандар, сондай-ақ демалыс және мереке күндері белгіленген қызмет уақытынан артық әскери қызмет міндеттерін орындауға тартылғаны үшін демалыс берілген әскери қызметшілер босатылады.

Денсаулығы бойынша сабақтан босатылған, медициналық мекемелерде емдеуде емес әскери қызметшілер сыныптардағы сабақтарға тартылуы мүмкін.

Жеке құрамның сабақтан қол үзуіне кінәлі командирлер (бастықтар) тәртіптік жаза тартады.

258. Сабақтар күн тәртібімен белгіленген сағатта белгі (команда) бойынша басталады және аяқталады.

Сабақтарды дайындау мен өткізудің тікелей ұйымдастырушылары бөлім (бөлімше) командирлері, сондай-ақ сабақтар жетекшілері болып тағайындалған офицерлер мен сержанттар болып табылады.

Сабақтарға (оқу-жаттығуларға) шығар алдында бөлімшелер командирлері мен взводтар сержанттары (взводтар командирлерінің орынбасарлары) жеке құрамның болуы мен оның сыртқы пішінін, жабдықтарды шақтап тігудің дұрыстығын тексереді, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді қарауды жүргізеді.

Сабақтарды бастау үшін белгіленген уақытта бөлімшелер командирлері (сержанттар) жеке құрамды сабақ жетекшісіне тапсырады.

Сабақтар (оқу-жаттығулар) барысында бөлімшелер командирлері мен сержанттары жеке құрамның қауіпсіздік талаптарын сақтауына, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, оқу материалдық-техникалық базасының сақталуына және дұрыс пайдаланылуына, құпия және басқа да қызметтік құжаттардың болуына, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдарды дұрыс жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

Сабақтар мен оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін бөлімшелер командирлері (сержанттары) барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуын, жабдықталуын, сондай-ақ қарудың, оқ-дәрілердің, оқу-жаттығу аспаптарының, оқу-жаттығу және елестету құралдарының болуын жеке өзі тексеруі тиіс. Бұл ретте қарудың (қару-жарақтың) ұңғылары каналдарындағы патрондардың (оқ-дәрілердің) болуына (жоқтығына) ерекше назар аударылады және оларды алып тастауға (атуға) шаралар қолданылады.

Қару мен оқжатарларға арналған сөмкелерді, сондай-ақ жабдық пен басқа да мүлікті бөлімше командирлері тексереді. Жұмсалмаған оқ-дәрілер мен гильзалар белгіленген тәртіппен тапсырылады. Құпия құжаттың болуын бөлім командирі және әрбір офицер жеке өзі тексереді. Тексеру нәтижелері команда бойынша баяндалады.

Сабақтар, оқ атулар мен оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін қару мен шанецтік аспапты тазалау, қару-жарақты, әскери және басқа техникаға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ сабақтарды өткізу орнын жинау жүргізіледі.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 329 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Йқыдан тұрғызу, таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеру| Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)