Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Й-жайларды ұстау

Техникалық бөлім) орынбасары | Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары | Батальон сержанты | Рота (4-дәрежелі кеме) командирі | Рота командирінің орынбасары | Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Рота сержанты | Рота старшинасы | Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі | Тарау. Ішкі тәртіп |


Читайте также:
  1. Й-жайларды жылыту

196. Әскери бөлімнің барлық ғимараттары мен үй-жайлары, сондай-ақ аумағы әрдайым тазалықта және тәртіпте ұсталуы тиіс. Әрбір командир (бастық) ғимараттар мен үй-жайларды дұрыс пайдалану, жиһаздың, мүкәммал мен жабдықтың сақталуы үшін жауап береді.

Ғимараттардың барлық үй-жайлары мен қас беті белгіленген түске боялуы тиіс.

197. Барлық бөлмелер нөмірленген болуы тиіс (14-қосымша). Әрбір бөлменің кіретін есігінің сыртқы жағына (есіктің оң жағында немесе сол жағында) оның нөмірі (арналуы) көрсетілген тақтайша ілінеді, ал әрбір бөлменің ішкі жағына онда бар мүліктің (жиһаздың, мүкәммалдың және жабдықтың) тізімдемесі ілінеді (15-қосымша).

Үй-жайдағы жиһаз, мүкәммал мен барлық жабдықтар бүйір (арт) жағынан нөмірленеді және рота кеңсесінде сақталатын есепке алу кітабына енгізіледі.

198. Жиһаз, мүкәммал және барлық жабдықтар үй-жайдың заты болып табылады және әскери бөлім командирінің рұқсатынсыз бір бөлімшеден екіншісіне көшірілмейді.

199. Казармада көрінетін жерде арнайы стенділерде күн тәртібі, сабақ кестесі, нарядтар парақтары, жеке құрамның орналасу схемасы (16-қосымша), ұйықтайтын үй-жайдағы температура режимді бақылау графигі (17-қосымша), мүліктің тізімдемесі мен қажетті нұсқаулықтар ілінеді.

200. Бөлмелерде (үй-жайларда) ілінетін портреттер мен картиналар рамкада болуы тиіс. Барлық үй-жайларда гүлдердің болуына, ал терезелерге ұқыпты бір түсті перделер, шымылдықтар, жалюздер ілуге рұқсат етіледі.

Қала көшелеріне шығатын төменгі қабаттардың терезелеріндегі шынылар қажетті биіктікте күңгірт (күңгірттенуі) болуы немесе ақ бояумен сырлануы тиіс.

Қажет кезінде казармаға кіретін есіктер қарайтын көзшемен, сенімді ішкі тиекпен (ілгекпен) және бөлімше бойынша тәуліктік кезекшіге шығарылған дыбыстық дабылдамамен жабдықталуы мүмкін. Бұл жағдайда төменгі қабаттардың терезелеріне ішкі бекітпелері бар торлар орнатылады.

201. Су құбыры бар барлық үй-жайлар су ішуге арналған шағын субұрқақтармен жабдықталады, ал су құбырлары жоқ үй-жайларға ішетін суы бар құлыпқа жабылған шағын бөшкелер орнатылады, олар да шағын субұрқақтармен жабдықталуы мүмкін. Шағын бөшкелер күн сайын рота бойынша кезекшінің бақылауымен шайылады және ішетін таза сумен толтырылады, аптасына бір рет оларды залалсыздандыру жүргізіледі. Шағын бөшкелердің кілттері рота бойынша кезекшіде сақталады.

202. Барлық үй-жайлар қоқыс салуға арналған урналардың қажетті санымен қамтамасыз етіледі, ал шылым шегуге арналып бөлінген орындарға суы бар (залалсыздандыратын сұйықтықпен) урналар орнатылады.

Үй-жайлардың сыртқы есіктерінің алдында аяқ киімді кірден тазалау үшін құрылғылар және қоқысқа арналған урналар болуы тиіс.

203. Үй-жайларды күн сайын жинауды рота бойынша кезекшінің тікелей басшылық жасауымен кезекті жинаушылар жүргізеді. Кезекті жинаушылар сабақтан босатылмайды.

Кезекті жинаушылар: кереуеттер мен кереует жанындағы тумбочкалардың астындағы қоқысты сыпырып шығаруға, кереуеттер қатарының арасындағы өтпелерді сыпыруға, қажет болған кезде едендерді сулы шүберекпен сүртуге, қоқысты белгіленген орынға шығаруға, терезелердің, есіктердің, шкафтардың, жәшіктер мен басқа да заттардың шаңын сүртуге, кештен бастап қолжуғыштарды сумен толтыруға, урналарды тазалауға, ал шылым шегуге арналған орындарда, одан басқа оларға су (заласыздандыратын сұйықтық) құюға міндетті.

Сабақ уақытында үй-жайларда тазалық ұстау тәуліктік кезекшілерге жүктеледі.

204. Күнделікті жинаудан басқа, аптасына бір рет рота старшинасының басшылығымен барлық үй-жайларды жалпы жинау жүргізіледі. Жалпы жинау кезінде барлық төсек-орын заттары (матрацтар, жастықтар, көрпелер) үй-жайдан (казармалардан) шығарылады, мұқият қағылады және желдетіледі. Еденді мастикамен сүртер алдында олар кірден тазартылады және сулы шүберекпен сүртіледі. Егер еден мастикамен сүртілмесе, онда ол кемінде аптасына бір рет жуылады. Еденді су төгіп жууға тыйым салынады.

205. Асханалардағы, наубайханалардағы және нан зауыттарындағы барлық жабдық пен мүкәммал таңбаланады, таза күйде және тәртіпте ұсталады; тамақ ішкеннен кейін ыдыс тазалануы, жуылуы, ыстық сумен булануы және кептірілуі тиіс. Ыдыс стеллаждарда немесе арнайы шкафтарда сақталады.

206. Қыста ғимараттар шатырларының терезелері жабылуы, ал жазда ашылуы, бірақ арнайы тормен қорғалуы тиіс.

Шатырлар, жертөлелер жабылады және мөрленеді, олардың кілттері осы үй-жайларды ұстауға жауаптылық жүктелген бөлімшенің кезекшісінде сақталады. Үй-жайлардың шатырлары мен жертөлелерінде қандай да бір мүлікті сақтауға тыйым салынады.

207. Дәретханалар унитазы (бөшкесі) бар кабиналармен және он-он екі адамға бір зәрағармен жабдықталады. Дәретханада әрбір кабинада урналар мен дәретхана қағазы болуы тиіс. Дәретханалар таза күйде ұсталуы, күн сайын залалсыздандырылуы, жақсы желдетілуі және жарық болуы тиіс. Оларды жинауға арналған мүкәммал осыған арнайы бөлінген орында (шкафта) ұсталады. Дәретханаларды ұстауды бақылау бөлімшелердің старшиналарына, санитарлық нұсқаушыларға және роталар бойынша кезекшіге жүктеледі.

Сыртқы дәретханалар су өтпейтін қазылған шұңқырларға, тұрғын үй-жайлардан, асханалар мен наубайханалардан (нан зауыттарынан) сексен метр арақашықтықта орнатылады. Сыртқы дәретханаларға жолдар қараңғы уақытта жарықтандырылады. Қажет болған кезде (түнде) жылдың суық уақытында арнайы бөлінген үй-жайларда зәрағарлар жабдықталады.

Дәретханалардың қазылған шұңқырлары уақтылы тазаланады және залалсыздандырылады.

208. Аудандық пайдалану бөлімдері мен өрт сөндіру органдарының рұқсатынсыз үй-жайларды қайта жобалауға, бар және тұрғызылған жаңа құрылыстарды көшіруге және бөлшектеуге, ішкі электр желілерін салуға, сондай-ақ уақытша және жаңа пештерді, жылытудың автономдық жүйелерін салуға тыйым салынады.

Энергиямен жабдықтау, газбен жабдықтау және орталықтандырылған жылыту жабдықтары мен желілерін жөндеуді аудандық пайдалану бөлімдерінің күштері немесе арнайы даярлығы және оны орындауға рұқсаты бар адамдар жүргізеді.

Казармалық үй-жайда саппен жүруге тыйым салынады.

209. Әскери бөлім орналасқан аудан, әскери қалашық аумағы және оған іргелес көшелер учаскелері көгалдандырылуы және тазалық пен тәртіпте ұсталуы, ал қараңғы уақытта жарық берілуі тиіс. Әскери қалашық аумағы қоршалады.

Әскери бөлім орналасқан аудан жинау үшін бөлімшелер арасында учаскелерге бөлінеді. Қоқыс күн сайын қақпағы жабылатын контейнерлерге жиналады және шығарылады. Контейнерлер табаны қатты алаңда орналастырылады. Кемінде аптасына бір рет контейнерлер тазаланады және залалсыздандырылады.

Әскери қалашық (әскери бөлімді) аумағын жинау тәуліктік наряд күштерімен және түскі тамақтан кейінгі уақытта осы мақсат үшін арнайы бөлінген командалармен жүргізіледі. Парктік-шаруашылық күні әскери бөлім орналасқан ауданды жинау үшін командалар немесе бөлімшелер бөлінеді.

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 92 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жалпы ережелер| Й-жайларды жылыту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)